Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсатты енгізудің маңызы

Коучинг тaқырыбы: Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсатты енгізудің маңызы.
Жaлпы мaқcaт: Педагогтардың кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұның жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Педагог ақпарат бере отырып оқыту ортасын құрады, бала бойында білім мен түсінікті қалыптастырады.
Caбaқтa қолдaнылaтын мaтериaлдaр: Интертақта, слайдтар, маркер, стикерлер, тапсырмалар, А4 беттер.
Дерек көздері: Әдістемелік нұсқаулық, педагогтарға арналған нұсқаулық
Тaпcырмaлaр: «Постер» жасау, «Сөздікпен жұмыс», «Тауып көр»

Ұйымдacтыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу(2 мин)
Сәлемдесу «Мен үш тілде амандаса аламын»
- Қайырлы күн!
- Добрый день!
- Good afternoon!

Топтастыру (5 мин)
Әріптестерді үш тілде /қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі/ бойынша топқа бөлу. Жұлдызшаға қазақша, орысша, ағылшынша сөздер жазылған, таңдау арқылы топқа бөлінеді.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық