Жақсылыққа жамандық

Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішін бар перменімен сүзгілеп, топырағын айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлерін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу құдықтан мені шығарып алар деп, бар пәрменінше өкіріпті. Мұның бақытына қарай жақын арада бір қойшы қой жайып жүр екен. Мұның даусын естіп, қойлар мен қойшы жүгіріп келеді.

— Шырақтарым, қарақтарым, шығарып алсаңдаршы, – деп, бұларға әдеппен, ибалықпен жалынып, бұқа сөйлей бастайды. — Мені жазасыз, кінәсіз өлтірмеңдерші, ғұмырымда жанға жамандық ойлап, қас қылмаушы едім. Менің мінезімнің жақсылығы Зеңгі бабаға мәлім, достарым, қарақтарым, мені шығарып алыңдаршы! Өлгенімше сол жақсылықтарыңды ұмытпаспын, – дейді, бұқа жалынып-жалбарынып.

— Қойлар,бұқаны құдықтан шығарып алып, жақсылығын көрейік! – дейді қойшы.......
Ертегілер
Толық

Қазақ әдебиеті | Жақсылық Сәмитұлы

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының .....
Рефераттар
Толық

Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы

Имам Раббани хазреттері бұл жөнінде былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап, басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз, басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ауызашар берген адамның күнәлары кешіріледі. Тозақтан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай бұған да сауап жазылады. Ораза тұтқан....

Кеңестер
Толық

Жақсылық пен жамандық

Қазіргі инновациялық-ақпараттық заманда халқымыз үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген белестерді бағындырып қарқынды дамуда. Бірақ бұл заманның адамдарының эгоистік көзқарасы жоғарылып, адами қасиеттердің азайып, көптеген қорқынышты қылмыстарға барып, жақсылық пен жамандықты ажырата алмайтындай жағдайға жетіп жатыр. Қазіргі таңда отбасылық проблемалар, ажырасулар, балалардың жетім қалуы жиі кездестіні, адамдардың бұған.....
Эсселер
Толық

Жақсылық Үшкемпіров Әмірәліұлы (1951 жылы 6 мамыр)

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
- Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті.
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркезге....
Ертегілер
Толық

Мерген Тоқсанбай (Жезөкше)

Бір ауыр мұң үйір болып басына,
Кімдер келіп, кім кетпеген қасына?!
Қойынымда жылап жатты жезөкше,
Темекінің иісі сіңген шашына.

Жапырақсыз көңілі күздей тұлданған.
(Бір жақсылық күтті ме екен бұл да алдан?)
Жанын айтам аққу....
Өлеңдер
Толық