Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты. Тапқандарын бірге жинап, ұдайы бірге жүріпті. Содан кейін қыс кетіп, жаз болады, жыртқыштардың бұрынғыдан да табыстары азайып, қарындары ашады, түйе болса жегені шөп, семіреді. Бір күні түйе жайылып кеткенде, түлкі қасқыр мен жолбарысқа:
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады: — Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.......
Бір күні Арыстан ұйқыдан жаңа оянып, есінеп отырса, салып ұрып Түлкі келеді.
— Сәлеметсіз бе, Арыстан аға, әдейі іздеп келдім, – дейді.
— Жай ма? – деп сұрайды Арыстан.
— Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып жүрген сансыз көп қой бар. Қасыңызға біраз......
Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен.
Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны, құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға айдап жібереді.
Ұли соққан боран, үскірік аяздан бүрсең қаққан бес ешкі бір тасқа келіп ықтайды да тасжарғанның бүршігін күрт-күрт шайнап тұра береді. Қара тоқты бишара оларға ере алмай, «Енді өлдім-ау» деп, маңырап тұрғанда, тап қасынан бір түп көкпек көрініпті. Көкпектің түбіне келіп, теуіп-теуіп кеңейтіп, бүрлерін бырт-бырт шайнап, жата беріпті.
Ілгергі кезде бірнеше көк кептер патшасымен бір жерді мекен қылып жатыпты. Күндерде бір күн араларынан бір топ кептер бір жаққа жолаушы барып келіп, мұндағы кептерлерге көрісіп, есендік сұрасып болғаннан кейін, барып, келген жерлерінен хабар беріп, сөз арасында айтыпты: — Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдағы керуендер көшіп, сарайын қалдырып, басқа жаққа кетіпті. Ол сарайы иесіз қалыпты. Қанша заманнан бері халық мекен қылған сарайларда есепсіз дәндер төгіліп қалыпты. Енді бізге ұқсас құстар мекен қылуға тиісті болыпты. — Енді сол сарайға көшсек, үш-төрт күнде жетіп барып, рақатқа батар едік, – дейді. Оны баршасы мақұл көріп, патшасына арыз қылыпты......
Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты: — Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді. Түйе айтады: — Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.......
Ұлжан шешеміз сегіз жасар баласы Мұратпен екеуі шай ішіп отыр. Аласа дөңгелек стол, тізерлей отырған Мұраттың көкірегінен келеді. Ол шайынан ұрттап жатып, қарсы алдында отырған шешесіне көзінің астымен қарап қояды.
— Іш, іш, — дейді шешесі, — тойып ал, шырағым.
Мұрат екі кесе шай ішті де:
— Тойдым, — деп орнынан тұрды.
Ұлжан шайын ұзақ ішті. Ол кісінің шайды ұзақ ішуі Мұратты жалықтырып жіберді.
Шешесі әрі қарап, әлі шай ішіп отыр. Есік ол кісіге бір қырын болатын. Мұрат жүрген дыбысын білдірмей, ептеп басып, есікке барды. Шешесі оны байқаған жоқ.
Мұраттың есікті білдірмей ашқысы келді. Екі көзі шешесінде болып, иығымен итеріп көріп еді, есік ашыла қоймады. Одан гөрі қаттырақ итеріп қалғанда, есік шыйқ етті де ашылып кетті.
Ұлжан шешеміз жалт қарағанда, зымырап жөнел ен Мұраттың өкшесін ғана көріп қалды. Есік тарс етіп қайта жабылды.
Мұрат жүгірген бойы Садықтың үйіне келді де оны тысқа ертіп шықты.
Олар футбол ойнап жүрген балаларды іздеуге шықса да, Мұрат оларға барғысы келмей, басқа жаққа сүйреледі.
— Солдаттар ойнап жатыр, солардың қасына барып, ойындарын көрейік, — деді ол Садыққа.
— Жүр! — деді Садық та оны қуана қостап.
Ауылдан жоғары, сайдың ішінде шекаралық застава бар болатын. Мұрат пен Садық ат ойнатып жатқан әскерлерді көреміз деп, заставаға келді.
Ол екеуі заставаның қасындағы, алыстан қарағанда төңкерген қазандай көрінетін, төбешіктің үстіне шыққанда, футбол ойнап жүрген балалардың да осылай қарай келе жатқанын көрді. Дабырлап сөйлесіп, олар жүгіре басып келеді.
Шекарашылардың шыбық шапқаны, ат қарғытқаны, шауып бара жатып ат үстінде әр түрлі қыймылдар жасауы балаларға қызық көрінетін. Олар мына төбешіктің үстінде тұрып, будан бұрын да талай рет тамашалап қараған. Сол әдетінше төбешіктің басына бір топ бала жыйналып қалды.
Ақбоз аты ойнақшып, қолындағы жалаң қылышы мен фуражкасының күнқағары жарқылдап, заставаның начальнигі тебініп қап, шаба жөнелгенде:
Баяғы бір өткен заманда елге аты шыққан ақылды, батыр жігіт болыпты. Атағы бүкіл әлемге әйгілі екен. Күндердің күнінде сол жігіт үйленіп, торсықтай ұл сүйеді. Бірақ пешенесіне жазылғаны сол болар, ұлының қызығын көрмей, дүниеден ерте қайтады. Әйелі жалғыз баласымен жесір қалады. Қаншама қиыншылықтарды басынан өткізсе де ұлын басқа балалардан кем етпей бағып-қағады. Баласы әкесіне тартып ақылды, батыр жігіт болып өседі. Бір күні ол шешесіне: — Ана, мен ел аралап, оқып, білім алайын, – деп сұранады.......
Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Оның үш уәзірі болыпты. Күндерде бір күн хан еліне жарлық қылады: «Қызырды маған көрсеткен адамға ат басындай алтын беремін», – деп. Бірақ ешкім «мен көрсетемін» деп айта алмады. Бұл елде өзі бәңгі, өзі құмарпаз, киерге киімі жоқ, ішерге тамағы жоқ бір адам бар екен. Бұл адам ойлады: «Былайша иттен ілгері, адамнан кейін болып жүргенше, ханға барып Қызырды көрсетемін деп алтынын.....
Бұрынғы өткен заманда Қасым атты хан болыпты. Ханның өзі хандығын елден асырса да басында бір қайғы болыпты.
Бір баланың жоқтығынан хан алты әйел алса да бала көрмепті. Бір күні хан халқын жинатып, ақ бата алып, қажыға жүреді. Хан бірнеше күндей жол жүріп, Алатау деген тауға келіп түнейді. Түнде көзі ілініп кетсе, түсінде үш пері келіп: «Хан, басыңды көтер, еліңе қайт, барғаннан кейін әйелің екіқабат болады!» – дейді де ғайып болады.
Хан ұйқыдан басын көтеріп алса, ешкім жоқ. Сонымен хан еліне қайтады. Еліне келіп, арада бірнеше ай өткеннен кейін, кіші әйелі жүкті болады. Бір ұл табады, хан ұлдың атын Пырақ қояды......