Сіздің жаныңызға жақын сүйіктіңіз бар делік. Қарым-қатынастарыңыз жақсы, алайда той туралы әлі сөз қозғаған емессіздер. Осындай өтпелі кезеңде істеуге тыйым салынған заттар бар. Солардан аулақ болыңыздар. Оған немесе оның отбасына қарызға ақша беру Қарым-қатынасты құртудың бірден-бір амалы - қарыз беру немесе алу. Әрине жігітіңіз ақшаны мейлінше тез қайтаруға тырысады, алайда оған мүмкіндігі бола алмай қалуы мүмкін. Араңызда түсініспеушілік орнап, ақша қайтарылмағанша жайсыздық сезінесіздер. ......
Бір трансофрматорды жасау үшін мынадай операциялар және уақыт ережелері « » белгілі, мин: 1. Бір трансформаторларға қаңылтырларды ою – 6,1; 2. Қаңылтырларды лактау – 5,2; 3. Қаңылдытралрдан екі өзекшені жинау – 7,0; 4. бір өзекшеде орамды орау – 8,5; 5. Басқа өзекшеде орамды орау – 8,0; 6. Орамдарды өңдеу – 5,4; 7. Трасформаторды құрастыру – 8,3; 8. Сымдардың ұштарын дәнекерлеу – 7,8; 9. Трансформаторды тексеру – 4,0. Осы көрсетілген уақытты «0» вариантқа пайдалану керек. Басқа вариатнттардың уақыттары . Әрбір операцияға қажетті жабдықта табу керек. Жабдықтың саны былай есептеледі:
Мұндағы, К – жылдық трансформатордың көлемі, - жоғарғы айтылған уақыт ережелері, У – бір сменаның жылдық уақыт қоры (52 апта*40 сағат – 5*8)*60, П – сменанлардың саны (тақ субварианттарда – үш смена, жұп субварианттарда – екі смена). Есептелген станоктар саны бүтін санға келтіріледі (Сб). Станоктар санына (Сб) қарасақ, ең жиі кездесетіні – 3. Бұл сан ағынды сызықтарды көрсетеді. Сонда басқа станоктардың санын 3-ке сәйкес аламыз (Ск). Станок пайдалану коэфициенті . Егер Кп>1 болса, арнайы шараларды ұйымдастыру керек.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады. Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем. Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы. Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық. Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз. Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат. Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады. Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері. Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз: Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым. Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты. Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар. Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары. Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады: ....
Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамадатикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілер болады. 1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі - синтаксиске арналған (1897ж). Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-дің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (51, 92). В.В.Катаринский «грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп атаныған (42, 85). Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу еңбектері қазақтілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды. ....
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.). Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады. Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу пәні: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары. Зерттеу объектісі: Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы. Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр. Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр.Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.....
Кіріспе Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүние жүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауына жеткілікті. Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық эономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығында болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және ваюта нарығының мәні мен мазмұнын түсініп жалпы айтсақ, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады, бірақ бұл тауарда жалпы макроэкономикалық деңгейден қарарстырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, ватюта нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принциптер бойынша құралымын анықтамақпыз. Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналымына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әлі ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несиеге капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы. Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санад ретінде қарастыратын дүниежүзлік практиға байнысты. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаржаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаржаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтыды. ....
Қоғамның негізі – отбасы. Отбасынсыз ешбір қоғамды елестету мүмкін емес. Әке мен шеше ол отбасыныңның қос қазығы. Ал, бала оның – келешегі.Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есіңде жүреді.Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі », - десек те артық емес.Қазіргі күні отбасын құруға жастарымыз немқұрайлы қарайды. Олар үшін үйлене салып, бір-екі айдан кейін ажырасып кету түкке тұрғысыз. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдарламай тұрмайды, бәріне төзу керек. Әрине отау құрғанда алғашқы үш жыл қиынға соғады. Небір қиындықтар да осы жылдары орын алады да көп жастар тіл табыса алмай ажырасып кетіп жатады. Тақырыптың өзектілігі. Біздің қоғамымызда жастарды отбасылық өмірге дайындайтын арнайы бағдарлама жоқ. Жас отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жетіспеуі жастарымызда күйзеліске әкеп соқтырады. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Мұндай жас отбасылардың ажырасуның себептері – ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтың жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туыстарының араласуы болып табылады. Халықаралық саясатта жаңалықтарды жасайтын, жалпы тарихты жетектеп жүргізіп келе жатқан барлық мемлекеттер күмәніміз болмасын халқы көп, көп болған соң да айбарлы, аруақты мемлекеттер. Біз осы тарихтың тұтқасын қалай ұстау керек, сөйтіп халықаралық саясаттағы жаңалықтарды қалай тудыру керек, яғни қалай көп болу керек соны айтамыз. Әлбетте, бәрімізге белгілі, көбею үшін жастар тез үйлену керек, төрт баладан кем болмау керек. Бұлай деу бірінші тым қарапайым, қарабайыр естіледі, екіншіден, жастар мұны өздері де біледі. Біз үйленіп, бала сүю үшін алдымен жастардың қандай құндылықтар мен қасиеттерді жүрекке жинау керектігін ғана айтамыз. Қысқасы жүрек оянбай отбасы институтының құндылығын білу, сезіну мүмкін емес. Өйткені, отбасы құру үшін үлкен, жылы жүрек, өзінің басын күйттеуден гөрі біреудің, яғни әйелінің, баласының жағдайын көп ойлайтын жан жомарттығы керек. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Қазір жалпы халыққа шаққанда үйленгендер саны 50 пайыздай. Бірақ, бұл көрсеткіш те жылдан жылға кеміп барады. Оның үстіне азаматтық неке деген шыққан. Бұл заңды, салауатты отбасын құратын болашақ отбасылардың анасын, немесе күйеуін алдын-ала былғап, құртып, балалы ғып кететін ең қорқынышты дерт. ....
Орыс тілінде жыр жазатын қазақ ақыны некен-саяқ. Солардың бірегейі һәм ірісі – Олжас Омарұлы. Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18-мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол өзінің саналы ғұмырын жыр жазуға, әдебиетті зерттеуге, қоғамдық-саяси түйткілдерді шешуге арнап келеді.
1954 жылы мектепті бітірген ақын сол жылы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1959 жылы инженер-геолог маманы болып, жоғары оқу орынын тәмәмдады. Оқуының соңғы жылдарында бақылаушы-геолог ретінде жұмысқа араласты.
Олжас Омарұлы әдебиет ісіне 1955 жылдан бастап араласты. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін бітірген жылы, яғни 1959 жылы, ол Мәскеудегі А. М. Горький атындағы Әдебиет институтының....
Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге байлап кете бермек. Сонау тас дәуірінен бергідегі сақтарға дейін, одан қалса бүгінгі айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқар....