Құс өсіруші Гретаның бабалары

Мырзалар ауласындағы үйрек пен тауыққа арнап салынған әсем жаңа үйшікте Грета дейтін құс өсіруші әйел жападан-жалғыз құстармен бірге тұратын. Бұл үйшік мырзаның қамал сияқтандырып айнала op қазып, оған аспа көпір салып, маңдайшасын кереге бастандырып оюлап тастаған көне үйінің орнында бой көтерген еді. Ал оның нақ түбі қалың тоғай. Бір кездерде тап осы жерден сонау көлге дейін ұласқан бау болыпты, қазір оның да орны......
Ертегілер
Толық

Оле-Лукойе

Оле-Лукойеге тең келетін ертегіші бұл дүниеде жоқ. Ертегіші деп соны айт, шіркін!

Кешқұрым балалар стол басында немесе орындықтарда тып-тыныш отырған кезде, Оле-Лукойе кіріп келеді. Аяғына ескі шұлық киген ол, басқышпен дыбыссыз басып көтеріліп, есікті ақырын ғана ашады да, қолындағы бүріккішімен балалардың көзіне тәтті сүт бүркіп кеп жібереді. Сол сәтте-ақ балалардың бәрінің де......
Ертегілер
Толық

Суға батып кеткен ғибадатхана

Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады, ол араны тіпті әркім біле де бермейді. Көгал мен көлді қоршап тұрған қап-қара шыршалардың тұрқында адамның өне бойын еріксіз тітіркендіретін әлдеқандай бір жабырқаңқылық бар. Сол шыршалар бұл араны жұмбақ жамылғымен тұмшалап тастағандай......
Ертегілер
Толық

Вен мен Глен

Зеландия жағалауына таман, Холштейн қорғанының қарсысында бір кездерде сыңсыған қалың орманды Вен және Глен деген екі елді арал болушы еді. Олар ұлы құрылықтан онша қашық жатпайтын, екеуінің арасы да бір-біріне тиіп тұр.

Күндердің күнінде әлгі аралдың біреуі ғайып болды. Түнде адам айтқысыз аласапыран дауыл соғып, теңіз арнасынан асып шайқалып, көтеріліп кетті, қариялардың айтуына қарағанда ондай сұмдықтар сирек болатын көрінеді. Дауыл үдеп, жел......
Ертегілер
Толық

Бір ананың өмірі

Анасы баласының бесігінің қасында отыр. Оны өліп қалады деп қалай қамыққанын, қалай қорыққанын көрсеңіз! Баланың беті мүлде бозарып, жанары жұмылып кеткен. Дем алысы да нашар. Ал кей сәттерде тынысы ауырлап, ақтық демін алып жатқандай боп көрінетін...

Шыбын жаны қиналып жатқан бөбегіне қараса болды, ана жүрегі одан сайын сыздай түседі.

Бір кезде есік қағылып, үйге ат жабуына ұқсас бірдеңеге оранған......
Ертегілер
Толық

Көз көріп құлақ естімеген

Кімде-кім ешкімнің көзі көріп, құлағы естімегенді жасаса, сол корольдің қызына үйленеді, жасауына жарты корольдік беріледі.

Солай деп хабарлау мұң екен, барлық жігіттердің, олардан қалыспай шалдардың да бастары қатты. Бәрі де жаппай жанталасты: екеуі лықа тойып тамақ жеді, тағы екеуі ес-түстен айрылғанша ішті өздерінше көз көріп, құлақ......
Ертегілер
Толық

Қырық өтірік

Бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен. Ерте, ерте, ертеде, ертегі еткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар илепті. Хан бүлік бопты, хан еріксе халық ойыншық болыпты... Нақ осы айтқанның өзіндей заң, ұстараның жүзіндей хан, қаны тасып еріккен хан, шарап ішіп желіккен хан — халқына жар шақырыпты.

— Кім де кім......
Ертегілер
Толық

Жеті жасар Алисия Рейнбердтің қаламынан туған таңғажайып ертегі

Диккенс мен үшін алдында ізетпен бас иер жазушым болып қала береді.

А. М. Горький

Бағзы бір кезде король мен королева өмір сүріпті. Король еркек кіндік атаулының ең ер жүрегі де, королева әйел затының ең сұлуы екен. Жалақыны король басқармада қызмет етіп тауып тұрады. Ал королева деревнядан шықса керек, әкесі село дәрігері болыпты.

Олардың балалары......
Ертегілер
Толық

Қожанасыр әңгімелері

I

Қожаның үйіне бір күні шәкірттері жиылып келіп байқаса, қораның ішінде бір семіз тоқты тұр екен. Қожаның сойғалы семіртіп отырған тоқтысы болады. Шәкірттері Қожаның аңқаулығына сеніп, оны алдап, тоқтыны сойғызбақ болып, қасына жиылады да:

— Қожеке-ай, мына тоқтыға көп еңбекті босқа сарп қылғаныңыз-ай! Енді қызығын көрмей қаласыз-ау! — деседі.......
Ертегілер
Толық

Бақытты семья

Сіздегі жапырақтың ең үлкені, әрине, түйежапырақ: алдыңа байлап алсаң белдемше, жаңбырда басыңа жамылсаң қолшатыр. Түйе жапырақтың аты затына сай, сондай үлкен! Ол жалғанда жалғыз-жарым өскен емес. Ұдайы біреуі бар жерде көп кездеседі, тіпті айтып жеткізгісіз мол мөлшерде. Және осы молшылық түгелімен ұлулардың тамағы. Ал енді ол ақ, үлкен ұлулардың өзін ертеректе мәртебелі мырзалар жейтін; ұлудан тағам әзірленіп, оны жеп отырған игі жақсылар: «Шіркін, қандай тәтті», деуді ұмытпайтын.......
Ертегілер
Толық