Кіріспе Қазіргі таңда әртүрлі процесстерде ылғалдылықты реттеуге арналған аспаптардың рөлі мен қызметі бәріне белгілі. Қазіргі кезде ғылым, техника тіпті халықтық шаруашылық саласының ешбірінде ылғалдылықты реттеу процессінің пайдаланылмауы мүмкін емес. Бірақ ылғалдылықты реттеу қажеттілікті аспаптар нарығында аса сенімді және қанағаттанарлық жағдайда емес. Көптеген халық қолданысындағы аспаптар мен датчиктер қазіргі замандағы техниканың даму дәрежесіне сай келмейді, сонымен қатар бағасы қымбат, пайдалануға қолайсыз, көлемі өте үлкен. Қазіргі даму кезеңінде бүкіл әлемде сонымен қатар біздің елде халық қолданысындағы барлық салаға автоматтандыру мен компьютеризациялау тенденциясы жүзеге асырылып, кең қолданысқа ие болып отыр. Осы кезекте алдыңғы орындарға қазіргі кездегі өндірістік технологиялық процесстер ие. Осыдан кейін газды ортаның ылғалдылығын өлшеу процессінің автоматтандыру және де арнайы құрылғылар мен ЭЕМ-дің мәліметтерді өндеу қажеттілігі туындайды.....
Кіріспе Қазіргі таңда оқу процессінде дәстүрлі зертханалық стендтердің орнына заманауи ақпараттық технологиялар қолданылады. Бұл технологияның мәні күрделі және қымбат аспаптар мен олардың эквиваленттерінің орнына нақты ақпаратты құралдарды өңдеушілердің бірі виртуалды өлшегіш аспаптарды құрастыруда қолданылады. National Instruments өнеркәсіп кәсіпорыны болып табылады. Қорыта келетін болсақ, физикалық және ақпараттық бірыңғай кешен құрамын біріктіріп, нақты моделдеудің кең мүмкіндіктерінде толық функционалды зертхананы құру болып табылады. Қазіргі уақытта мәліметтерді жинау технологиясы өте кең таратылған: ғылыми-зерттеу қосымшалардан бастап әр түрлі сынақтар мен өнеркәсіптік автоматтандыру есептеріне дейін жүреді. Виртуалды іс-тәжірибе құру қағидаларына жауап беретін National Instruments компаниясының LabView бағдарламасы болып келеді. LabView немесе Laboratory Virtual Instrument Engineering Workbenсh (зертханалық виртуалды аспапты өңдеу ортасы) мәліметтерді жинау және аспатармен басқаруға арналған стандартты құрал ретінде өндірісте, білім беру орталықтарында және ғылыми-зерттеу зертханаларында кең қолданылатын графикалық бағдарламалау ортасы. Сонымен қатар, LabView компьютерлік модельдеуді қоса отырып, кез-келген есептердің барлығын дерлік шығаруға жарамды, бағдарламалаудың қуатты құралы болып табылады. Оның «виртуалды аспаптары» нақты объектілермен және де олардың математикалық модельдерімен де жұмыс істеуге қабілетті. Мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін ғалымдар мен инженерлер PCI, PXI, Compact PCI, PCMCIA, USB, FireWire шиналары бар, сонымен қатар тізбекті және параллельді портты дербес компьютерлерін қолданады. Мәлiметтер жиынының көп құрылғысы компьютерге тiкелей бекiтiледi және мәліметтерді тікелей оның жадына жібереді. Есептер қатарында ДК-ге Ethernet желісі немесе тізбектей және параллельді порт арқылы қосылған мәліметтер жиынының жойылған құрылғылары қолданылады.....
КІРІСПЕ Егеменді еліміз Қазақстандағы қайта өрлеу қоғамның барлық салаларын, оның ішінде экономикасын, саяси жүйесін, әлеуметтік қатынастарын және т.б. салаларын қамтуда. Ол қалыптасқан құрылымды жаңартуды экономикасын және әлеуметтік дамуға жаңа динамизм беруге еліміздің толық мүмкіндігін және тарихи үстемдігін іске асыруға шақырылған. Соңғы уақытта технологиялық процестердің автоматты басқару жүйелерін енгізу арқылы жүргізуге көп көңіл бөлінуде. Автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелерінде кейінгі шыққан шапшаң әсер ететін әмбебап және басқарушы есептеуіш машиналарын (ДЭЕМ) қолдануға үлкен көңіл бөлуде. Басқару жүйелерін құрғанда құрылымды таңдау үшін объектінің математикалық моделін және жүйенің параметрлерін, тиімді режимді және басқа факторларды білу талап етіледі. Объектінің математикалық моделінің құру есебі өз кезегінде жеткілікті күрделі. Үлкен өндірістік кедергілер шартында объектінің кіріс және шығыс айнымалыларын байланыстыратын басқаруды табу сұралынады. Өрісте технологиялық процестер тәуелді жақсы өңделген және объектінің сипаттамаларының өзгеруіне немесе сезімталдылығының өзгеруіне яғни азаюын басқару жүйесінің сезбеуін қамтамасыз ететін кері байланыс өзінің төмен шапшаң әсер етуінен икем бермейді. Сондықтан жүйе жұмысын жақсарту үшін оның шапшаң әсер етуін ұлғайтатын басқа әдістер қолдану керек. Осы дипломдық жұмыста ыстық прокаттау станының прокаттау соңы температурасының тұрақтылығын топтық жалпы параметрлер әдісімен ИСПАТ-КарМК ыстық прокаттау станын мысалға ала отырып, бар мүмкіндіктерін қарастыру. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1 ИСПАТ-КарМК станындағы прокаттау процесінің технологиясы 1.1 Құрал-жабдық құрамы ИСПАТ-КарМК үздіксіз кең жолақты станы автоматиканың күрделі объектілерінің қатарына жатады. Күрделі технологиялық есептер жинағын шешудің қажеттілігімен шартталған, ал слябтың алғашқы дайындығын берілген физика-математикалық қасиеттермен қайта өңдеу процесі. Слябтың жолаққа прокаттау процесі дискретті-циклдік және прокаттаудың температуралық режимдерімен сипатталады, ал қажетті қасиеттерді және дайын бұйымның қалыңдығына байланысты станның технологиялық аймақтарына регламенттеледі. ИСПАТ-КарМК станының технологиялық аймақтары: - келтірілген слябтарды қыздыруға арналған қыздыру пештері; - клеттердің үздіксіз алғашқы тобы; - үздіксіз тазалық топ; - дайындарды жинауға арналған механизмдер жинағы және үш орағыш кіретін жинауыш тобы; - слябты дайындауға орналастыруға арналған көліктік рольгангтер, олар алғашқы топтық орамаларында және алдында орналастырылады; - клеттердің алғашқы және тазалық топтарының арасында орналасқан аралық рольгангтер ; - дайын жолақтарды (беттерді) орналастыратын тосығыш рольганг. Станның алғашқы тобы клеттерінің арақашықтығы прокатталатын жолақ бір уақытта тек қана бір клетте болатындай етіліп орналастырылған. Ал тазалық топта прокатталатын жолақ бір уақытта барлық клеттерді алып тұрады. Әдетте станның алғашқы тобы (горизонталь) көлденең білікті төрт және (вертикаль) тік білікті үш клеттен тұрады. Соңғы орналасулар жеке тұрған клеттерде немесе көлденең білікті стандарда орнатылған. Бірақ окалиналар сындырғышты санамағанда алғашқы тобы көлденең білікті қалыңырақ слябтарды прокаттауға мүмкіндік беретін бес клеттен (кварто) тұратын стандар бар (250∙10-3м дейін және жоғары). Алғашқы топтың соңғы клетінен 30–60 м қашықтықта клеттердің тазалық тобы орналастырылады. Бұл клеттерде тазалық топта окалина сындырғыштың сырғытқышының алдыңғы кейде соңғы жағын кесуге арналған оспалы қайшылар бар немесе ілгек ұстатқыштармен және олардың арасымен бағыттайтын сызғышты жұмыс клеттері болады. Үздіксіз ыстық прокаттау стандары кезекті ғана емес сонымен қатар әртүрлі химиялық құрамды (легирленген) болаттарды да прокаттайды, сондықтан стан құралдары дайын бұйымның қажетті сапасын анықтайтын өндірістің барлық операцияларының қарастырылған мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек. Технологиялық процесс бірнеше операцияларда іске асырылады, олардың әрқайсысының өз технологиялық ерекшеліктері бар. Сондықтан жұқа жолақ өндірісінің сұлбасы жалпы жағдайда келесі операциялардан тұрады: - прокаттау слябын дайындау; - слябтарды қыздыру; - жолаққа соңғы прокаттауға арналған подкат алу; - жолақтың берілген температураға дейін салқындатылуы; - жолақтың рулонға оралуы. ИСПАТ-КарМК прокаттау станының қарапайым сұлбасы 1.1-суретте көрсетілген.....
КІРІСПЕ Республикамыздың ірі полиграфия кәсіпорындарында технологиялық жабдықтар жоспарлы түрде техникалық күту, жөндеудің арқасында тиісті дәрежедегі жұмысқа жарамдылығын өзіндік пайдалану көрсеткіштерін, қажетті режимдерде жұмыс істеу қабілетін, беріктігін сақтап келеді. Полиграфия машиналары мен жабдықтарының бұл қасиеттерін оларды орнату, пайдалану барысында қажетті техникалық күту және жөндеудің көп компонентті технологиялық жүйесі қамтамасыз етеді. Полиграфия өндірісі жабдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін оларды қолдану және жөндеу жұмыстары жүйесін нақтылы ұйымдастыру қажет. Полиграфия жабдықтары машина жасау өндірісінің ұзақ мерзімді пайдалану өнімдері қатарына жатады. Олардың техникалық жай күйі ЖАЖ жүйесінің әсерімен қалпында сақталып немесе қалпына келтіріліп отырады. Диплом алдындағы өндірістік практика кезінде Speedmaster SM-102 басу машинасының жұмыс істеу кезеңдерін көрдім. Полиграфиялық баспа экономикалық және жоғары сапалы басуды талап етеді, Speedmaster SM 102- басу машинасы осы мінездеменің барлығы, бір машинада қарастырылады. Speedmaster SM 102 басу машинасы екі жағынан басу және жоғары жылдамдықта сапалы басуға ие.Speedmaster SM 102-сыналған екі жақты басу машинасы,болашаққа жасау мақсатында және жоғары жылдамдықпен сапалы басуды қамтамасыз етеді. Басты операция Plus, бұл машина жоғары тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Алдын ала кеңею функциясын уақытын дайындау ең төменгі дәрежеге дейін. Басу машинасын толық автоматтандыруды жасау ерекше экономикалық әсеріне байланысты. Speedmaster SM 102- жоғары өнімділікті соның ішінде, басқару пулті Prinect Press Center керемет эксплутатциялық сипаттамаға ие. Басу машинасының интеграциясы сандық жұмыста содан соң азаю уақытына және барлығы тапсырманың қысқарту мерзімін жасайды. Тұтынушының қажеттілігі үшін үлкен таңдау қарастырылған. Машинамен қоса бұл класқа 2-ден 12 басу секциясы және лакировалдық секция, сатып алушылардың сұранысы бойынша кіреді. Бастапқы жұмыс аймағы Heidelberg компаниялық басуды ұсынады, Speedmaster SM 102-басу машинасы Preset самонакладымен жабдықталған. Prinect Press Center Compact басқару пулті бар. Барлық сатып алушылардың талаптарына сай келеді. Speedmaster SM 102- басу машинасы толықтай автоматтандырылған Preset Plus жоғары эффектілік самонакладымен және Preset Plus қабылдағыш аймағы жақсы шешім болып саналады. Рулонды- табақты система CutStar берілісі қымбат емес рулонды материалды қолдануға мүмкіндік береді. Heidelberg компаниясы экологиялық қауіпсіз басуда көшбасшы болып табылады. Экологиялық таза полиграфиялық жабдықтар, Heidelberg фирмасы тұтынушыларға экологиялық қауіпсіз өнімді және ертінділерді ұсыну осы фирманың корпаративті мақсаты болып табылады. Қоршаған ортаны күзету сұрақтары бойынша Heidelberg Print Media Academy бағдарламасында маңызды орын алады. Speedmaster SM 102-басу машинасы денсаулық сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған “Шаң сұрақтарына” байланысты сынақтан өтті.....
КІРІСПЕ Электр энергиясының басты тұтынушылары болып өндіріс транспорт, ауыл шаруашылығы, қалалар мен ауылдардың коммуналды шаруашылығы болып табылады. Бұнда өндіріс объектілеріне электр энергиясын тұтынудың 70%-дан астамы келеді. Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсіптің дамуына, адам тіршілігіне қажетті энергиямен қамтамасыздандыру мақсатында электр энергиясын қолданудың, өндірудің жаңа технологиясының мұқтаждығы туындап отыр. Осындай маңызды мәселені шешу мақсатында электр энергиясын т‰рлі єдістермен µндіру үшін ќолданылатын жаңа қондырғыларды игеру маңызды. Энергетиктер және энергосалушылармен шешілетін негізгі мәселелер өндіріс көлемін үздіксіз көбейтуден, жаңа энергетикалық объектілерді салу мерзімін қысқарту мен ескілерін қайта жаңартудан, меншікті капитал салымын азайтудан, жанармайдың меншікті шығынын қысқартудан, еңбек өнімділігін жоғарлатудан, электр энергетиканың өндіру құрылымын жақсартудан тұрады. 80 жыл бойы электр энергетикасы жалпы ұлттық монополия ретінде дамыды және қызмет етті. Бұрынғы одақтың әрбір республикасы бірыңғай энергетикалық жүйенің аралық бөлігі болған. 1991 жылы бірыңғай энергетикалық жүйенің мен электр энергетикасын децентрализациялау мен дезинтеграциялау саланы реформалау процесстері басталды. Бірақ бұған қарамастан электр энергиясы бұрынғыдай энергияның әмбебап түрі болып қалады. Сонымен бірге ол халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық прогресстің негізі ретінде қызмет етеді.....
КІРІСПЕ Машина жасау саласы өндірісін дамытуда , негізгі сұрақ болып Қазақстан Республикасына қатысты нарықты экономика кезеңінде бәсекелестік өнімді шығаруға жағдай туғызатын, озықты әдістерді іздестіріп табу қажет. Ғылыми-техникалық революция өнеркәсіптің барлық салаларын , бірінші жағдайда мәшине және аспап жасауды қайта қарулануға себеп туғызды. Барлық өндірістік процестерді автоматтандыру мен механизациялауды дамыту қажет. Осылардың бәрі әр түрлі механизмдерді қолдануын өсуін туғызады, осылардың ішінен тісті берілістер маңызды орын алады. Тісті жетектің жұмыс жылдамдығын көтеру және бір редуктор агрегатында үлкен күш қуаттардың негізделуі, тісті Берілістердің сапасын, олардың беріктіктігін, ұзақ уақыттылығын көне лайындау дәлдік көрсеткіш талаптарын едәуір қатаңдатады. Осы негізгі сұрақтарды шешуге ең тиімді және ұтымды металдармен қорытпаларды нығайту әдістері ретінде үлкен орын термиялық және химия-термиялық өңдеуге беріледі. Термиялық өңдеу мәшине бөлшектерін, аспаптар мен жартылай өнімдердің технологиялық процестерін дайындаудағы негізгі бөлігі болып табылады. Осының арқасында олардың қасиеттері жоғарлайды, бұл мәшине бөлшектері мен құрылғылардың массасын төмендетуге, металды едәуір үнемдеуге, бұйымдардың сенімділігі мен қолданулық беріктігін жоғарлатуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан термиялық өндеу көптеген заводтарда кең қолданыс табуда. Құрылғылық болаттарда қорытпа мен термиялық өңдеу режимін дұрыс таңдауда жеткілікті деңгейде пластикалық және тұтқырлық сппапамаларын сақтап, уақытша кедергіні 2000МПа-ға дейін және оданда жоғары мәнге жеткізуге болады. Бұл жобаның тапсырмасы, болат 20Х2Н4А маркасынан жылдық бағдарламасы 50000 дана тісті дөңгелекті жасау үшін термиялық дайындама бөлімін жобалау.....
КІРІСПЕ Macromedia Authorware ең алдымен қашықтықтан оқытуға электрондық оқулық жасауға арналған. Мұның артықшылығы осында. Сонымен қатар қашықтықтан оқытуға қысқаша тоқтала кетсек. Қашықтықтан оқыту деп – бұл студентттің өзіндік жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашатын, мұғалім мен студент кеңістік немесе уақыт аралығында бөлініп тұрсада, телекоммуникациялық құралдардың көмегімен кез келген жағдайда тапсырма алып, оны орындай алатын соңғы үлгідегі технологиялармен қамтамасыз етілген оқыту жүйесін айтады. Қашықтықтан білім берудің негізгі мақсаты – оқушы немесе студен кез келген уақытта ақпараттық кеңістікті еркін пайдалану арқылы жан – жақты білім алу болып табылады. ҚР СТ 34.016-2004 «Қашақтықтан оқытуды техникалық және бағдарламалық құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен 2004 жылғы 10 шілдедегі № 179 бұйрығымен бекітілген. Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болады: • кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; • кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; • оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру; • білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар... Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған. Қашықтықтан оқытудың негізгі элементтері мынандай: • оқыту курстары; • тестілеу; • жаңалықтар; • ішкі почта; • форум; • электронды деканат; • есеп берулер; Macromedia Authorware – (оқу курстарында) интерактивті мультимедиялық программаларды жасауға арналған. Authorware пакеті материалдарды сан түрлі формада: мәтін, сурет, бейне және дыбыс түрінде бере отырып пайдаланудыда қоса қамтиды. Authorwareнің құрамына енетін құралдар қазіргі заманғы талаптар тұрғысынан алғандағы мүмкіндіктерді береді. Authorware пакеті материал ұсынудың түрлі формаларын: мәтін, сурет, бейне және дыбыстық сүйемелдеуді пайдалануды есепке алған компактылы мультимедиялық қосымшалар жасауға арналған. Әрине, Сіз бұл аспапты басқа да пакеттредің көмегімен ‹‹әдеттегідей›› электрондық көрмелер (презентация), ұқсас тақырыптар даярлау үшін де пайдалана аласыз. Алайда Authorware ең алдымен, электрондық оқулық жасауға бағытталған. Осыған байланысты, көрме даярлауға арналған пакеттердің мүмкіндігіне қарағанда, мұның мүмкіндіктері анағұрлым кеңірек. Бұған қоса, мұнымен жұмыс істейтін пайдаланушы осы сияқты оқыту жүйесімен жұмыс істей отырып, Authorware туралы толық білім меңгере алады. Authorware пакеті арқылы оқыту курсын Ғаламтор желісі арқылы айқындауға да болады.....
Кіріспе Информатика - жас ғылым, ол адамзат қызметінің әртүрлі өрісінде қолданылатын информацияны іздеу, жинау, өндеу және пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттейді. Қазіргі информатика ғылымын адамзат ЭЕМ-нің көмегімен арқылы ғана қабылдайды және қолдана алады, ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер ХХ-ғасырдың ортасында пайда болды. Осымен қатар адам қызметінің жаңа сапасы - программалау дами бастады. ЭЕМ-де программалау инфоматиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі заманғы есептегіш техника – оның материалдық базасы. Орта білім беру жүйесінде « Информатика » пәнінің ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етуде және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылады. Орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарында, алдымен оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру процестері туралы білімді меңгерту жатады. Бұған қосымша, оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік меңгеруді іске асыру құралы ретінде қолданылуы сондай-ақ, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсаты да көзделеді. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық өңдеу, беру және қолдану да үлкен маңызы бар «мәліметтер қоры», «мәліметтер қорын басқару жүйелері» деп аталатын информатиканы қарастыру да қажетті болып табылады. Информатиканы оқыту әдістемелерінің толық еместігін басты назарына (яғни мәліметтер қоры, мәліметтер қорының басқару жүйелерінің информатика оқыту бағдарламасындағы сағат санының аздығы), «Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелерін» оқыту барысы әдістемесіндегі негізгі тақырыптардың бірі болып табылады. Microsoft Access - 1993 жылы ең танымал МҚБЖ-нің (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) бірі болды. Access – сөзі, ағылшын тілінен аударғанда « КІРУ » (доступ) – деген сөзді білдіреді. Талқыланған, индекатифті және интегралданған қосымшаны құру Access жүйесінің иілгіштігіне қарамастан, қосымша программалау көмегімен белгіленеді. Бұл информатикадан лобораториялық жұмыстар жүргізу мақсаты, өткен материялдарды қайталау емес, жаңа тақырыптарды ұғыну процесіне байланысты. Қазіргі заманда информацияны өңдеуде негізгі тамырының бірі Microsoft Access программасы кең түрде қолданылады. Мәліметтер қоры- бұл адам қызметіндегі әртүрлі салаға қатысты ақпараттарды сақтайтын жүйеленген орын. Компьютер пайда болғанға дейін бұл ақпараттардың барлығы папкада немесе картотекаларда сақталған. Әрбір қағаз бетінде немесе карточка, мәліметтерді толтыру үшін қалдырылған бос орындары бар форма бланкы басылған. Мысалы: студенттердің жеке карточкасында фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін т.б. мәліметтерді көрсететін графаларды толтыру керек болды. Жеке студентке қатысты ақпараттар бірнеше карточкаларда сақталды. Бұл жағдай қызметкерлер үшін қолайсыз болды. Керекті ақпаратты іздеу тіптен қиын болды. Анықтама алу үшін жүздеген жеке корточкаларды ақтаруға тура келді. Microsoft Access МҚ пайда болып көптеген проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. Microsoft Access қазіргі заман талаптарына сай мәліметтерді өңдеу, жинақтау, тарату және сақтау жұмыстарын атқарады. Microsoft Access программасын осы дипломдық жұмыста толығымен қарастырылып, практикалық жүзінде мәліметтер қоры құрылып эксперимент түрінде мәліметтер енгізіліп өңдеу жұмыстары жүргізілді.
І ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР Мәліметтер қоры - бұл информацияны сақтау үшін арналған ұйымдасқан құрылғы. Мәліметтер қоры түсінігімен МҚБЖ түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалау тәсілінің комплексі, ол жаңа база құрылғысын құру үшін , оның құрамындағы толықтыруларды редактірлеу және информацияларды визуализациялауға арналған. Қора информацияларын визуаализациялау – деп, мәліметтердің көрінісі берілген критерийлермен сәйкестігін түсінеміз. Олардың реттелуі, сипатталуы және келесі құрылғыларды шығару немесе байланыс арқылы жіберу. Дүние жүзінде көптеген МҚБЖ бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі обьектілермен жұмыс істеп және қолданушыларға әр түрлі функциялар мен амалдарды ұсынатындығына қарамастан, МҚБЖ көп бөлігі негізгі түсініктегі бір ғана орнату комплексіне сүйенеді. Ол бізге МҚБЖ барлық класының түсінігін, әдістері мен тәсілдерін бір системада қарауға мүмкіндік береді. Microsoft Access обьектілерімен жұмыс істеу үшін арналған, бұған мәліметтер қоры таблицасы жатады, сұраныс және мәліметтер қоры жұмысына қосымша обьектілер: форма, есеп беру, беттер, макростар мен модульдер.....
Кіріспе Қазіргі заманғы ақпараттық телеөлшеуші жүйелерде, датчиктерден алынған өлшенетін ақпараттарды қабылдаушы жақта оның қалпына келтірілуін берілген дәлдікте орындайтындай түрде, олардың тағайындалуына тәуелсіз, үлкен қашықтықтарға жібереді. Бірақ, көптеген жағдайларда ақпараттық телеөлшеу жүйелерінде күрделі комминикациялық құрылғыларды пайдалану тиімсіз. Бұл төмен құнымен, жоғары сенімділікпен, бөлшектерінің бір ретті қолданылуымен, конструкциясының қарапайымдылығымен және т.б. шартталуы мүмкін. Сондықтан, бұл дипломдық жобаның мақсаты ақпараттық телеөлшеу жүйесінің бөгеттұрақтылығын, аппаратуралық қиындылығын арттырмай-ақ жоғарылататын, ақпаратты жіберу-қабылдау тәсілдерін жасау болып табылады. Мақсатқа жету үшін бірнеше талаптар қойылды: - басқарушы құрылғыны (микроконтроллерді) таңдау; - бірінші ретті түрлендіргіштерді (датчиктерді) таңдау; - байланыс каналын таңдау; - бағдарламалық қамтамасыздандыруды және бағдарламалау тілін таңдау.....
Кіріспе Қазіргі таңда ешбір өндірісті өндірістік механизмсіз елестете алмайсың. Көптеген заманауи жұмыс машиналарын және өндірістік механизмдерді, транспорттарды, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық шаруашылықта, технологиялық процестерді қазіргі басқаратын автоматтанған электржетек түріне дейін ұзақ даму процесін басынан өткізді. Заманауи элетржетектің қуат қолданылуына байланысты шектері – бір қозғалтқыштағы он мыңдаған кВ-тан жарты ваттқа дейін. Заманауи автоматтандырылған электржетегі - жұмыс машинасының бөлігін қозғалтуға және оның технологиялық процесстерін басқаруға арналған күрделі электромеханикалық жүйе. Ол 3 бөліктен тұрады. Электромеханикалық энергияны түрлендіретін электрлік қозғалтқыш технологиялық процестерді басқаруға арналған басқару жүйесі болып табылады. Техниканың кез келген саласында автоматтанған электржетегінің көмегінсіз қозғалған ешбір заманауи өндірісті айта алмаймыз. Электржетегінде электр энергиясын механикалық энергияға электр қозғалтқыш түрлендіреді. Электр қозғалтқыш түрлендіргіш және басқарушы құрылғы арқылы механизмдердің өндірістік талаптарына сай электржетектің статикалық және динамикалық сипаттамаларының қалыптасуына байланысты басқарушысы болып табылады. Өндірістік процестің күрделігі жұмыс машинасының қозғалу сипаттамалары мен түрлеріне тәуелді. Қозғалудың түріне байланысты бір бағытты айналмалы қозғалыс және ревестивті айналмалы болып қозғалыстарды қамтамассыз етеді. Қозғалтқыштың сипаттамасы мен басқарушы жүйенің мүмкіндіктері механизмнің мүмкіндіктерімен технологиялық операциялардың орындалуының дәлділігін анықтайды. Электромеханикалық жүйенің қасиеті жұмыс машинасының маңызды көрсеткіштеріне, технологиялық процестерінің экономикалық эффективтілігі мен сапасын анықтауға маңызды әсер етеді. Автоматтанған электржетектерінің дамуы машина конструкциясының жетілуіне, технологиялық процестердің түбегейлі өзгеруіне, халық шаруашылығының барлық салаларында үлкен прогреске алып келеді. Сондықтан электржетек теориясы – электромеханикалық жүйе жалпы қасиеттерін зерттейтін, қозғалыстың басқару заңдарын, берілген көрсеткіштерге байланысты жүйелердің синтездеу қабілеті бар техникалық ғылым. Жетілген электржетегін құрастыру электромеханикалық құрылғының типін таңдау және оның технологиялық процесіне байланысты басқару жүйесі осы процесте жұмыс атқаратын бөлек механизмдеріне байланысты критерилерді қанағаттыру кезінде құрастырылады. Оның ерекшелігі халық шаруашылығының әртүрлі салаларына байланыстылығымен түсіндіріледі.....