Халқымның жарқын болашағына сенемін

Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. .....
Шығармалар
Толық

Біздің жарқын болашағымыз

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті.
Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы......
Шығармалар
Толық

Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

№89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Шаисмаилова Севараның «САНАЛЫ ҰРПАҚ ― ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» білім күніне арналған азаматтық және патриоттық сабақ өткізу жоспары
Сынып сағаттар
Толық

Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: «Өнер» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімов
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/фото/суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес әдеби кітаптардан ақпаратты табады және ақпаратты берілген кестеге салады және сөйлеу барысында фотоны қолдануды біледі.
Көптеген оқушылар: алған ақпараты бойынша өздерінің таңдауларын негіздейді
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдану себебін талқылайды, өз ойын дәлелдейді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жарқын болашақ

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін аймақтық - 5 - ші «Жарқын болашақ» байқауының сценарийі

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жаңа Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қастерлеуге баулу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Сабақ тақырыбы: 1-қыркүйек Білім күні «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»
Мектеп: Құрық ауылының № 1 орта мектебі КММ

Уақыты:01.09.2019ж
Мұғалімнің аты - жөні:Биманова А
Сынып: 10
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың мақсаты
Оқушылар:
• Білім күнімен құттықтап, Ата заң күніне орай сұрақтарға жауап береді;
• Оқушылар өткен жылғы жетістіктеріне баға беріп,жаз мезгіліндегі жетістіктерін,жаңалықтарын айтып, бөліседі;
• Оқушылар алдағы оқу жылына өздерінің алға қойған мақсаттарын, мамандық таңдау бойынша өз ойларын, жоспарларын талқылайды;
Ашық сабақтар
Толық

«Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын

Сыныбы: 4
Ашық тәрбие сағаты: «Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын
Мақсаты:
оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету

Сабақты түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: тест, сұрақ - жауап, ой қозғау
Ашық сабақтар
Толық

Білімді ұрпақ-жарқын болашақ бастауы

Сыныптан тыс іс-шара: «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ бастауы»
Мақсаты: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, сыни ойлауға үйрету.
Міндеттері:
1. оқушылардың ойлау өрісін дамыту, терең ойлауға дағдыландыру
2. өз ойын ұтымды жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа үйрету
3. елін, тілін құрметтеуге, өзге тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу
Ресурстар: компьютер, белсенді тақта, презентация
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

Тақырыбы: Саналы ұрпақ―жарқын болашақ
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру
Күтілетін нәтижелер:
• оқушылар еліміздің ертеңі - білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді
• оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады
• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір - біріне қолдау көрсетуді үйренеді
• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді
Қолданылатын ресурстар Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі
Көрнекі құрал - жабдықтар Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі - түсті маркерлер, қаламдар суреттер, клей, қайшы, интербелсенді тақта
Сабақтың өту барысы Мұғалімнің іс - әрекеті Тыңдаушының іс - әрекеті
Тәрбие сағаттар
Толық

Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

Тәрбие сабақтың атауы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»
Мақсаты:
Құттықтау,білім қажеттілігін айту,
Күтілетін нәтиже:
Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру
Мемлекеттік мереке - Конституция күні, отаншылдық сезімін, жоғары азаматтықты, әрбір азаматтың Отанымызды одан әрі нығайтуға және өркендеуге бағытталған белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру
Тәрбие сағаттар
Толық