Жаркент қаласы – Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі байырғы қалаларының бірі. Қазіргі таңда Алматы облысы, Панфилов ауданының орталығы. (1928 жылдан). Облыс орталығы-Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзенінің аңғарында, Жетісу (Жоңғар Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал, аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты шалғын жазықта орналасқан. Тұрғыны 32,7 мың адам (1999). Шоқан Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе: «Жаркент қаласы Түркістан өлкесіндегі қалалардың ең үлкені екен. ....