Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
— Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық:
— Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен......
Ертегілер
Толық

Жамандық неден болады

Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты. Бұл кісіден аң мен құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда, барлық құстар жиылып, сол жерге түнемек болыпты. Аң мен құстар өзара әңгімелесіп:
— Осы дүниеде жамандық не себептен болады? – деп бірінен-бірі сұрайды. Сонда қарға айтыпты:
— Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған кезде, не болса соған ұрынасың, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлді. Сондықтан аш болмаудың қамын ойлау керек.......
Ертегілер
Толық

Жақсылыққа жамандық

Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішін бар перменімен сүзгілеп, топырағын айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлерін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу құдықтан мені шығарып алар деп, бар пәрменінше өкіріпті. Мұның бақытына қарай жақын арада бір қойшы қой жайып жүр екен. Мұның даусын естіп, қойлар мен қойшы жүгіріп келеді.

— Шырақтарым, қарақтарым, шығарып алсаңдаршы, – деп, бұларға әдеппен, ибалықпен жалынып, бұқа сөйлей бастайды. — Мені жазасыз, кінәсіз өлтірмеңдерші, ғұмырымда жанға жамандық ойлап, қас қылмаушы едім. Менің мінезімнің жақсылығы Зеңгі бабаға мәлім, достарым, қарақтарым, мені шығарып алыңдаршы! Өлгенімше сол жақсылықтарыңды ұмытпаспын, – дейді, бұқа жалынып-жалбарынып.

— Қойлар,бұқаны құдықтан шығарып алып, жақсылығын көрейік! – дейді қойшы.......
Ертегілер
Толық

Жақсы әйел жаман еркекті түзейді

Бұрынғы заманда Тәкір деген бір хан өзінің сүйікті уәзірін шақырып алып:

— Бүгін төбемнен бес қаз өтті, қаздың алдындағы біреуі артқы төртеуіне бір сөз айтты, сол сөзді тауып бер, егер таба алмасаң, өлтіремін! – дейді. Табуына үш күн кеңшілік беріпті. Үш күнде уәзір үлкен-кіші халайықтан сұраған екен, ешкім таба алмапты. Оны Тәкір ханның қызы біледі екен. Уәзір өзінің қызын жіберіп сұратады.

Ханның қызы айтады:

— Айтуға мен өзім де қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қайрат Нұртас өзін қарақалпақ дегендерге жауап берді

Қайрат Нұртастың туған жеріне қатысты ел арасында алып - қашпа әңгімелер жиі тарап жатады. Кейбір тыңдарман әншінің отбасы мен жары қарақалпақ ұлтынан деп ойлайды. Аталған болжамға Gakku арнасының "Follow Wars" бағдарламасында жауап берген әнші өзінің Қарақалпақстанға қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Рамазан айы. Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған.
Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Рамазан айы. Ораза тұту пайдалы

Аллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда:

    Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы қалқан.....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Оразадан күтілетін пайдалар

Ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Оларға мән берілмесе тұтылған оразаның сауабы азаяды немесе жоқ болады. Оразаның және басқа бұйрықтардың мақсаты - дұрыс адам болу. Ораза тұтқан адам жаман істер жасайтын болса, оразадан күтілген пайдаға қол жеткізу....

Кеңестер
Толық

Жақсылық пен жамандық

Қазіргі инновациялық-ақпараттық заманда халқымыз үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген белестерді бағындырып қарқынды дамуда. Бірақ бұл заманның адамдарының эгоистік көзқарасы жоғарылып, адами қасиеттердің азайып, көптеген қорқынышты қылмыстарға барып, жақсылық пен жамандықты ажырата алмайтындай жағдайға жетіп жатыр. Қазіргі таңда отбасылық проблемалар, ажырасулар, балалардың жетім қалуы жиі кездестіні, адамдардың бұған.....
Эсселер
Толық

Келбет алдамшы ма?

Үлкен орманда бір жылан өмір сүрді.Жыланның түрі суық әрі сұсты болатын.Сондықтан да жануарлар «шағып алар,жалмап өтер» - деп,бойын одан аулақ ұстайтын.Жалғыздық жаман зат екен,ол өзінің жылан болғанына......
Әңгімелер
Толық