Абайділдә

 АБАЙДІЛДӘ – өткен ғасырдың елуінші жылдарында қабырғалы қаламгер М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы жарыққа шығып, ел ішіне кеңінен насихаттала бастаған тұста өмірге келген ныспы. «Абай сияқты ғұлама, білім қуған данышпан, ел қамын ойлаған жанашыр болсын» деген ырыммен қойылады. Абай мен оның жұбайы Ділдәнің құрметіне халықтың шексіз махаббаты болып жеткен бұл есім халық арасында өте сирек кездеседі.

Есімдер мағынасы
Толық

Абай

Абай (-ев, -ева) - қазақ халқының ұлы ақыны Құнанбаев Ибраһимнің екінші есімі. Бұл есім "бала ұлы ақын Абайдай болсын" деген мақсатпен кейінгі ұрпақтарға жиі қойылып отырған. Солардан тараған балалар Абаев, Абаева деген фамилияларға ие болып отыр. Абай "сақ, әзір, дайын" (ҚТТС, 1, 32). - Абай отырмасаң сүтіңді ақтарып, өзінді майып етеді, - дейді (Қ. Қамбаров, Алтай аясы). Абай болды. 1. сақ болды. Асылы абай болу керек (М. Қаратаев, Даладагы дабыл). 2. ес болу, бас-көз болу. Өйтеуір абай болып, анда-санда айгайлап қойып, өзі де ығып келеді (Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке). Алайда, сөз етіп отырган Абай есімінің шығу төркіні туралы әртүрлі пікір бар: 1) Ертеректе айтылған бір пікір бойынша; абай "ел ағасы, ол тува тіліндегі абыгай "от ағасы", "аға", татар тіліндегі абзыкай "ағай" сөздерімен төркіндес" десе (ҚТТА, 1960, 169-6.), 2) Абай Құнанбаев өмірбаянын зерттеушілердің пікірінше: "Зере бәйбіше Ибраһим деп атауға тілі келмей еркелетіп Абай атандырған" дейді (Абай, Шығ.тол.жин. 1961, 11-6.). 3) Абайдың шын аты Ибраһим; кейіннен шешесі еркелетіп "Абай" деп кеткен дегенді айтады (ҚҮЭ, I, 10-6.).
Бұл есімнің бірінші сыңары аба~ава және оның варианттары: аба, абай, абый, абака, абаға көптеген түркі тілдерінде ұшырайды. Қырғ. аба 1. "аға"; 2. "әкесімен туыстас адамға айтылатын құрмет сөз"; 3. "үлкен аға"; 4. түстік диал. "үлкен ағалардың үлкені, құрметтісі" (Юдахин, 17-6.). Түркм. аба - "әке, папа", осм. түрк. абаі - "үлкен аға", тел. абаі - "әке", қызыл. абай -"үлкен аға", саг. аба - "жасы үлкен аға" (Радлов, I, 213-6.), тув. абыгай — "мырза", тат. абзыкай, абый "аға", "үлкен аға" (ТРС, 18), алт. хак. абака, абага "аға, ағай"; "қария", "шал", "үлкен аға", "қадірлі", "құрметті" (Севортян, 54, 65), ұйғ. абу-қа - "аға", "әкенің үлкен я кіші туысы", жағ. абаеа "аға" (Буда-гов, I, 2-6.). В. В. Радлов кезінде "абака сөзі аба+ака, аба-\-ага тәрізді екі сөзден бірігіп барып, кіріккен" деген пікір айтқан еді. Ал осы сөз туысы бөлек кейбір тілдерде, мөселен, моңғол тіліндегі авга "немере аға", авгай "жасы үлкен адамдарды сыйлағанда айтылатын сөздермен де байланысты екені шүбәсіз" (Хабшай, 13).
Біздің пікірімізше, Абай - ұлы акынның үй-іші, әжесі тілі келмегендіктен қойған есім емес, халқы қадірлеп қойған екінші аты, мағынасы "ел ағасы", "ел қадірлісі, құрметтісі" болса керек. Оның бастапқы түбірі аба болса, соңғы қосымша й құрметтеу, сыйлау мәнін білдіретін жұрнақ екені даусыз. Оны тіліміздегі атай (ата+й), ағай, бабай, әкей, әжей сөздерімен па-ра-пар қарауға болады.

Есімдер мағынасы
Толық

Күтуден жалықпаймын

Сол кеште ол маған дос ретінде емес басқадай қарайтынын, өзіні мені ұнататынын айтты. Мен қатты таң калдым.Ол маған махаббат жағынан дос болуды ұсынды. Мен одан уақыт сұрап, екі күн өткеннен кейін келісетінімді айттым. Содан біздің бақытты күндеріміз басталып кетті. Бос уакытының баринеде екеуміз бірге журдік. Осылай 3 айды.......
Махаббат хикаялары
Толық

Махаббат жасқа қарамайды

Бірақ мен күдіктеніп қалдым, кім болмасын әдемі баладан кім бас тартсын,неғып менин логинімді берді екен дедім... менде қабылдадым, шыныменде әдемі екен.Бірақ ол менен 1 жасқа кіші болатын. мен одан құтыла алмадым, себебі ол менен кіші. Махаббат жасқа қарайды деп ойладым....
менин нөмірімді (үй тел,моб)біліп алыпты.Сөйтсем, ол менин сыныптасымнын бөлесі екен. артымнан қалмаған соң, құтылу үшін сөйлестім.сөйлескен сайын оған жігітмнің бар екенін......
Махаббат хикаялары
Толық

Махаббат деген жұмбақ сезім

Кешке агентке кіргенде қолы тимегенін айтты.Сонымен кейіннен тағыда кездесейік деді ол кезде де алдыңғы жағдай қайта қайталанды.Онымен кездесем деп ойламадым.Суретте қандай болса өмірде де солай ма?-деген сұрақтарға жауап таппадым.бір күні сіңлім мектептен келгенде сол жігітті көргенін және де.......
Махаббат хикаялары
Толық

Бесік жыры

Әлди, әлди, бөпешім,
Қуанышым екенсің.
Азамат боп ардақты,
Ертең өсіп кетерсің.
Асулардан өтерсің,
Төбеңе елің....
Құттықтау, тілектер
Толық

Есек

Есек қодығымен, шеңгел собығымен.

Жүгі жеңіл есек жатаған.

Есектің күші адал да, еті арам.
Мақал-мәтелдер
Толық

Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті

Семей ядролық полигоны, Семей сынақ алаңы – КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы.....
Рефераттар
Толық