Берік отбасы - есірткіден алыс

«Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы» деген анықтама берілген. Иә, расында да отбасы, жанұя ұғымдары қаны қазақ үшін қымбат. Жанның ұясы, оттың басы деген мағынаны беретін секілді. Отбасы мүшелері арасында рухани қарым-қатынас бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыруда көрінеді. Бала дүниеге келген сәттен-ақ шаңырақтың үлкендері, әулеттің....

Эсселер
Толық

  Есірткісіз өмір ғажайып!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Эссе "Есірткісіз өмір ғажайып"

Қатысушы: Қызылорда облысы, Арал қаласы,

Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Аралбаева Нұрсая Салауатқызы

Эсселер
Толық

Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсу мен даму
Сабақтың тақырыбы: Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.3.3 адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: - адам ұрығының дамуына темекінің әсерін сипаттау;
- адам ұрығының дамуына ішімдіктің әсерін сипаттау;
- адам ұрығының дамуына есірткі заттарының әсерін сипаттау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Жолда келемін. Поезд зулап келеді. Менің өлкемнің сұлу табиғатына сірә да, адам баласының көзі тойған ба. Анам да терезеге қарап, сыртқа үңілумен отыр. Ал, мен қарсы алдымда отырған бейтаныс жолаушы ананың жүзіне үңілумен отырмын. Бейтаныс жолаушы әлсін - әлсін терең күрсінеді. Күрсінген сайын өзегін өртер өкінішін сыртқа шығарғысы келгендей болатын сияқты. Мұңға толған жанарын аударып – төңкеріп бір орынға тұрақтата алмай отыр. Өте беймаза күй кешіп отырғаны айдан анық сезіліп тұр. Жолсеріктің келер жағына көп қарайды. Бір кезде, көптен күткен адамы көрінгендей орнынан ұшып түрегелді. Жолсерік келе жатыр екен. Кейуана оған қарай қарсы жүрді. Бөгделердің әңгімесіне құлақ түрудің әдепсіздік екенін білсем де, естіген құлақта жазық жоқ қой, жолсеріктің даусын анық естідім. «Бәрі жақсы, ұйықтап жатыр» деді жолсерік кейуанаға. Ана қайтадан орнына келіп отырды. Бірақ, көңілінде алаң бар. Тыншымайды. Жүзіне барлай қарағанымда денемді ток ұрғандай шошып кеттім.

Ананың бір нүктеге қадалған көздерінен жас парлап отыр. Орнымынан ұшып тұрып, кесеге су құйып бердім. «Сізде бәрі дұрыс па, су ішесіз бе?». Ана басын шайқады. Ауыр – ауыр күрсінеді. Ол күрсінген сайын менің де жаным ауырып кетеді. Байғұс ана шыбын жанын қоярға жер таппай отырғаны бесенеден белгілі. Әттең, шемен боп қатқан шерін ішке сақтамай сыртқа ақтарып тастаса ғой. . Менің анам мұғалім. Ол кісі адам баласының жан дүниесін түсіне білетін кең жүректі адам. Ол кіммен болса да тіл табыса алады. Анама қараймын, анам маған қарады. Бір – бірімізді үнсіз түсіністік. Анам жайлап кейуананың қасына жақындады. Шайға шақырды. Дәм ұсынды. Кейуана еш нәрсеге қол тигізбеді. Есесіне, «рахмет, рахмет, Алла разы болсын» деген сөзді жиі қайталады. Менің анам «Сізге қандай көмегім керек, апа, қатты қиналып отырсыз ғой, іште сақтаудың қажеті жоқ, қайғы бөліссе жеңілдейді, апатай» деп, кейуанаға жақындай түсті......
Шығармалар
Толық

Есірткісіз өмір сүрейік

Адам болу дегеніміз – саналы болу. Сондықтан өмір бойы өлім мен қуаныш,қайғы-қасірет толғандырады. Өзімізді терең түсіну үшін алдымызға мақсат қою керек. Өсіп-өніп келе жатқан алтын ұямыздың қадір....
Шығармалар
Толық

Тәрбие сағаты | Есірткіге салынуға не себеп

Есірткі қолданудың себептері көп. Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Ал басқа себептерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей.
Жас өспірімдер қоршаған ортасының кері әсерінен иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортадағы, әр түрлі жағымсыз әрекеттердің жетегінде кетеді. Өз іс- әрекетінің салдарын дұрыс болжамау жеңілтектік, жан дүние мінез-құлық пен дене танымы толық қалыптаспағандығы иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жас өспірімдер өздерінің «Ер жүректігін», «Дербестігін» танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй аймақтарында, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы «Тексерістер»болып өтеді. Топтық психология еліктеушілік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкагольге әуестенуге соқтырады.
Есірткіні түнгі клубтарда да би алаңдарында да, арнайы сатылатын орыннан да, тіпті мектепте де сатып алуға боады. Уақыт өткен сайын есірткінің де дамуы жүріп жатыр. Бұрын жас өспірімдер анаша, марихуана шегіп улы химиялық заттар иіскейтін болса, қазір героин, кокаин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Ал синтетикалық есірткінің (героин) ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалады. Міне, ересектердің нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан отбасындағы ұрыс- керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есіркінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері

Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан опиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады.
Есірткінің бір түрі – көкнәрі. Ілгеріде-ақ оны Оңтүстік өнірде пайдаланған жандар болған. Олардың дені қарттар еді. Ауырып, сырқағанды, ауырғанды басады деп, суға қайнатып ішетін. Сосын оның әсеріне елітіп, қалғып-мүлгіп отыратын болған. Әзәзілге тәуелді сол жандар кейде көкнәрілері таусылып қалған кезде, туыс-бауырларын жұмысап жіберетін. Олар шыр айналып, таппай келіп жоқ деп айтса, оны аңсап тұрған қарттың хал-жағдайы бірден мүшкіл тартатын. Жоққа шыдай алмай жан-тәсілім еткендері қаншама. Ал кәмелетке толмаған жастар жағы оны пайдаланған жоқ.
Ал қазір ше. Есірткінің неше алуан түрі бар. Және оны пайдаланушылар өрімдей жастар. Тіптен солардың арасынан 8-10 жас аралығындағы жасөспірімдердің көптеп кездесетіндері мәлім. Әуелде ескі әдетпен мұны жасырып келген. Кейіннен ұрпақты аздырып, тоздыратын әлеуметтік кесел етек алып, індетке айналып асқынып кетті. Оларды қылмыскер ретінде қарап заң жүзінде жазалаған. Шамалғандағы болалар колониясына отырғызатын. Бірақ бұл түйықтан шығатын жол емес болып шықты. Содан кейін өркениетті елдердің тәжірибиесін пайдаланған жөн екені белгілі болды. Есірткіні пайдаланушыларға қылмыскер ретінде емес, ауру ретінде қарап , мемлекет тарапынан тегін емдеу қолға алынды.
Меперидин мен методон деген түрлері лабораторияларда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу барысында емдік таблеткалар құрамында да оның өзіндік үлесі бар. Бұған бір мысал ретінте мрфийдің қатты шаншып ауыратын қылтамақ (рак) ауыруында дәрігердің бақылауымен сол кеселді тоқтатушы ретінде қолданылатынын атап көрсенен жөн.
Героин – морфийдің екінші қайтара өндеу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды. Заңнаң тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі-ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі-ақ оған тәуелді болып қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай.
Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның тұтқынынан босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа татуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның аяғы қайғылы жағдайға апарып соқтырады. Есірткі мөлшері шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түпкірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Есірткі және құқық бұзушылық

Қазақстанды есірткі жайлап барады. Жыл басынан бері елімізде есірткіге байланысты 6 мың қыл¬мыс тіркеліп, алты айдың ішінде алты тонна есірткі тәркіленді. Құқық қорғау органдары тарапы¬нан бұл жаман көрсеткіш емес, мақтауға тұрарлық. Бірақ осы тонналаған у «Қазақстанды неге айналып өтпейді?» деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.
Есірткі айналымымен бүкіл дүниежүзі күресуде. Күресті қаншама күшейткенмен, жастар арасындағы есірткіге құмарлық жылдан-жылға өсіп, етек жайып барады. БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес басқармасының (UNODCCR) мәліметі бойынша, бүгінгі күні әлемнің әр түпкіріндегі 15 пен 64 жас аралығындағы 200 миллион адам есірткіге тәуелді болып, наркотиксіз өмір сүре алмайтын халге жеткен. Бұл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың 5 пайызын құрайды. Тәуелсіз сарапшылар¬дың сөзіне сенетін болсақ, Қа¬зақстанда бұл көрсеткіш 1,5 миллион адамды құрайды, яғни республика тұрғындарының 10 пайызы есірткіге бой алдырғандар.
Қазақстандағы заңсыз айна¬лым¬да жүрген есірткілер – апиын, героин, кокаин, синтетикалық наркотиктер жоғары концентра¬ция¬ланған, адам өміріне өте қа¬уіпті, есірткінің «ауыр» түрлеріне жатады. Соңғы бес-алты жылда қазақстандық наркомандар есірт¬кінің ауыр түріне көше бастады. Бұрын каннабис, сатива (ел ау¬зында анаша деп аталады) сияқты есірткінің жеңіл түрін қолданса, енді көбінесе ақыл-есті «өшіріп», басқа дүниеге жетелейтін ханканы қолдануға әуес болыпты. Алматы наркологтарының байқауынша, біздегі наркорыноктағы есірткі айналымының 80 пайызын героин құрайды. Бұл жартылай синтети¬калық наркотик таза апиынға қарағанда, адамды өзіне тез тартып алып, «тұңғиыққа» батырып жібе¬реді. Героинге тәуелді болған адам¬ды емдеп, қалпына келтіру іс жү¬зінде мүмкін емес.
Ресми деректер бойынша, 2000 жылы Қазақстанда 34 мың наша¬қор арнайы тіркеуде болған, ал БҰҰ-ның наркобизнеске және қыл¬мысқа қарсы күрес басқарма¬сының мәліметі бойынша, сол жылдары 250 мың есірткіге тәуелді адам арамызда өмір сүріп жатқан. Қазір бұл көрсеткішті Бас проку¬ратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу коми¬теті 54 мыңға жеткізіп отыр. Соның ішіндегі 4 мыңы әйелдер, бес мыңға жуығы жасөспірімдер екен. Нарко¬логтардың айтуынша, есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты са¬нын шығару үшін, ресми көрсет¬кіш¬терді кемінде 5-6 есеге көбейт¬кен жөн, сонда еліміздегі наша¬қор¬лардың нақты санына жақын¬дауға болады. Біздің елде наша¬қорлықтан жасырын (аноним) ем-делуге болады, сондай-ақ жеке¬мен¬шік емханалар жеткілікті, олар наркомандарды тіркеуге алуға міндетті емес. ....
Рефераттар
Толық