Ер ерлігі – бізге үлгі

Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті.
Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты....
Шығармалар
Толық