Ернар (Әміре) Садырбаев

Ернар Садырбаев (Әміре) Қостанай қаласында дүниеге келген. Ернардың бойындағы талантын мектебіндегі музыка пәнінің мұғалімі байқап, оны қалалық жарыстарға қатыстырған. Сондай-ақ, кішкентай өнерпаз 7 жыл бойы музыка мектебінде оқып, ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннен тәлім алған. Содан ба екен, Ернар өзінің болашақта кім болатынын мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шешіп қойыпты. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдады.
Ернар R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрларында ән салады. Ол қатысқан байқауларды санағанда тіпті есептен жаңылысуға болады. Әміре бұрынырақта «Алтын микрофон», «Бозторғай», «Дельфи ойындары» байқауларының лауреаты атанған. Сонымен қатар, 2015 жылы Италияның Милан қаласында өткен «EXPO-2015» халықаралық көрмесінде ән шырқау құрметіне ие болды. Продюсер Брендон Стоунмен бірге жұмыс істеген шағында халықаралық «Новая волна» байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Германияда өткен «Berliner Perle» байқауында да үздіктер қатарынан көрінді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық