Ерлік рухын таратушы

Шығыста қазақ сияқты қызын еркін ұстаған халық жоқ. Бабаларымыз қыздың бетін бүркемеген. Керісінше, әйелді ерлермен тең қойып, ерлікке, өжеттікке баулыған. Қысылтаяң шақта қазақ қыздарының «ереуіл атқа ер салып», қоңыраулы найзамен жауға шапқаны да содан. Сайын даланың төсін билеген жауынгер халықтың қыздары қашан да ер болған. Өктемдікке қарсы болған. Жау жағадан алғанда намыс үшін өліспей беріспеген. Ұлт рухының қорғаушысы болған. Қазақ қыздарының жанкешті ерлігіне қатпарлы тарих куә. Ел-жұрты олардың аруағына тәубә етіп, ұрпағына өнеге қылады, тәрбиеге діңгек етеді.
«Қос шынар» қоры қоғамдық қоры - ерлердің ерлігін ұрпақ тәрбиесін ұран еткен бірлестік. Тек қазақтың ғана емес, бүтін шығыстың қос шынарына айналған арулардың атын иемдеген қор 2000 жылы мамыр айында құрылды. Сол жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 45 жыл толған еді. Осы жылдар ішінде «Қос шынар» қоры ұрпаққа үлгі болар қыруар іс тындырды.
Қазақтың қайсарлығының, тектілігінің белгісі сынды, ұрпаққа мәңгі өнеге саналатын тұлға — Әлия апамызды, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы біздің бәріміз де қадірлейміз, бәріміз де мақтан тұтамыз. Бірақ ортамызда бір адам бар: ол Әлияға қатысты барлық пікірді, титтей де болсын ақпаратты нақ бір өзіне айтылып жатқандай қабылдайды; өзінің туған күнін ұмытса да, «Әлияның туған, қайтыс болған күндері ұмытылмаса, әр жыл сайын осы даталар міндетті түрде атап өтілсе» деп, анда-мұнда шапқылайды да жүреді; Әлия туралы бір ауыз сөз жазған журналист оған ең бір жақын адамындай көрінеді; Әлияның туған ауылы, жерленген жері жөніндегі бұрынғы деректерге қатысты дау көтерілген тұстарда, шыр-пыры шығып, күндіз-күлкі, түнде ұйқыдан айырылған бір адам болса, ол- осы кісі. Ол - Ғалымжан аға Байдербес. Осылай өмір сүріп келе жатқанына-қырық жыл.......
Шығармалар
Толық