Ерлерін еске алғанда кім егілмес

Иә, адам соңына қалдырған тарихына үңілмей, алдындағы өмірін болжай да алмас.Сондай үлкен, маңызы бар тарихи оқиға-Ұлы Отан соғысы. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады.Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!» деген сөздермен аяқталды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қанқұйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Адамзат жаралғалы атам қазақ аттан түскен емес.Біздің елде аттан түсіп қалу азамат ерге - сын, намысына - нұқсан. «Аттан» дегенде, ат жалын тартуға жараған алты жасар балаға шейін жауға тұра шапқан.Ордалы елдің Отан қорғаушы ерлері осындай болған қазақта. Қазақ деген - батыр халық.Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды.Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді.Осындай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттерімен сынға түсті.Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңізші.Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Осындай ұлы халықтың ұлдары мен қыздары Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батырлық жасап, ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарынан жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады.Сол сұрапыл соғыс жылдары бүкіл әлем 50-млннан астам адамынан айырылды.Оның ішінде Қазақстаннан 1млн.800 мың адам майданға аттанып, соның жартысы елге, өз отбасына қайтып оралған жоқ.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді......
Шығармалар
Толық