"Бар-бар": Ерке Есмаханның атышулы әніне отандық әнші жауап берді (видео)

Серік Ибрагимов қаралым жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен Ерке Есмаханның "Қайдасың" әніне жауап ретінде "Бар-бар" әнін шығарды. Әнші ол жерде Ерке сынды "жоғын" іздеген қыздарға елімізде лайықты жігіттердің көп екенін айтады. Аталған ән Instagam желісінде тарады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Желідегілер кезекті суреті үшін Ерке Есмаханды жерден алып, жерге салды (фото)

Кез келген жайтқа сын көзбен баға беріп отыратын жұрт Ерке Есмаханның кезекті суретін де назардан тыс қалдырмады. Олар әншіні бұл суреті үшін жерден алып, жерге салып, оның жүдеп кеткенін де байқап қойды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Ерке Есмахан болашақ жарынан "ырбыңдамай тезірек келуін" сұрады (фото)

Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында түрлі қызықты әңгімелер айтып, оқырмандарының көңілін көтеріп жүргенді ұнатады. Бұл жолы ол болашақ жарына қатысты тіл қатып, елді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Ерке Есмахан (1986 жылы)

Ерке Есмахан 1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ата-анасы қызының өнерге бейім екенін бірден байқап, оны музыкалық мектепке берген. Мектепті бітірген соң, Ерке Ақтөбедегі музыкалық колледж бен Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, продюсер Баян Мақсатқызының назарына ілігіп, «Іңкәр» тобына қабылданды.
Ерке халыққа бірден таныла қойған жоқ. Алдымен, «Іңкәр» тобында ән салды. Одан соң, жеке шығармашылығына ден қойды. «Асыл арман», «Айша бибі», «Бал сезім», «Жаным болшы», «Еркемін», «Әйел бақыты» әндерін жарыққа шығарды. Десе де, бұл әндердің барлығын әншінің биыл орындаған «Қайда?» әні басып озды. Еркенің көптен күткен жұлдызды шағы енді келді десе болғандай. Олай дейтініміз, «Қайданың» бейнебаяны «Youtube» арнасында қазақ әндері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд көрсеткішті жинады. Желіге маусым айында жүктелген бейнебаянды 5 айдың ішінде 40 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар қазақша әнге reaction жасап, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп жатты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық