Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қағыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қайғылы жүрек жазылар,
Апашым қайдан табылар?!
Мүдіріп кетсем мін болар,
Шариғатқа мін болар.
Иманды болғыр, апашым,
Енді өзіңдей кім болар?!
Әуеден ұшқан лашын,
Қиынға салар ұясын.
Алладан тура келген соң,
Ажалға бар ма лажың?!
Апам бір келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де,
Қайтадан бүрлеп өнер ме,
Бәйтерек әкеп ексемде.....
Өлеңдер
Толық