Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін.....
Тәрбие сағат мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Тәрбие сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;