Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп
Калың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Сәулесі суда дірілдеген жарық ай, ауылдың жанындағы терең сай, онда күркіреп аққан тау өзені, әлденеден қуана сыбырласқан қалың ағаштың жапырақтары, ит - құсқа ма, бейсауат жүргіншіге ме, үрген иттердің үні мен қой күзеткендердің айтағы, сол дауыстардан таудың жаңғыруы — осының бәрі керемет шеберлікпен жан бітіре суреттелген. Сондықтан оны оқығанда баяғы қазақ өмірінің ертегідей бір әсем суреті қайта тіріліп, кісінің жаны жадырап, көкірегіне....

Шығармалар
Толық

Төбесіз жер, төресіз ел болмайды

Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ізгі арманы тәуелсіздік – киелі ұғым. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ата – баба жерін қорғап, еркіндікті аңсаған бабаларымыздың асыл арманы да тәуелсіз ел болу еді. Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарыс қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге мұра, ұрпаққа - ұран болып келе жатыр.
«Қаз тұрып қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын....

Шығармалар
Толық

Тәңірі алқаған Тәуелсіздікке – 30 жыл!

Биыл – Алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді əлемге жария қылған Тəуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы.
Еліміз осы ширек ғасырдан сəл асатын қысқа мерзімде Ұлы даланың зеңгір көгіндей көк Туымызды көкке көтеріп, елдіктің көшін түзеп, жүзжылдықтардың еншісіндегі тарихи....

Шығармалар
Толық

Керексiздi сатып алсаң, Кейiн керегiңдi сатарсың.

  1. Осы мақалды базарға, дүкенге барғанда, немесе бір затты сатып алғыңыз келгенде есіңізде ұстаңыз.
  2. Отбасыңызда сатып алу мен алмау туралы келеңсіз жағдайлар болмау үшін осы мақалды көрінетін жерге қағазға жазып, іліп қойыңыз.
  3. Жағдаят ойласытырып, ерлі-зайыптылардың диалогын құрыңыздар.
Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Елiңде абыройлы болсаң, түзде жүгiң қалмас

Елдің көңілі – елеуіш. Жаманын ұмытып, елеуіштен өткізіп жіберіп, жақсысын алып қалып, ескеріп, құрмет көрсетеді. Тарихта аты қалған тұлғалардың баршасы елдің есінде, көңілінде солай сақталғандар.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ұзақ болса да жолдың турасы жақсы

«Жолдың турасы» деген кең мағынада адамның өмір жолы туралы мағынаны білдіреді. Ешкімге қиянат жасамай, алдап кетпей, адал өмір сүрген адам жолдан таймаған, тура жолмен жүрген болып есептеледі. 

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жаманға сөз қатпағанның өзi ­ жауап

Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген түсінік – парықсыз, сөздің мәнін түсінбейтін, сөз сөйлей білмейтін. т. б. ұнамсыз қасиеттері көп адам туралы айтылған болу керек. Жоғарыдағы мақал сондай адамммен сөйлесіп, пікірлесіп, түсінісу қиын болғандықтан шыққан.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Алтыныңа сенгенше, ақылыңа сен.

Адам баласы тек өзіне, өзнің біліміне, ақылына, күшіне сену керек. Біреулерден жақсылық болса, ол – жақсы. Бірақ соған сеніп кетіп, өзіңді жетілдірмей, еңбек етуге ерінсең, нәтижесінде түксіз қаласың.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерiн сақтайды, Ер елiн сақтайды.

Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тарихымызға көз жүгіртіп көріңізші. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін
жаудан қорғауда ер азамат пен тұлпардың рөлі ерекше болды. Халық даналығы осы бір ауыз сөзбен халқымыздың тарихынан да, тіршілігінен де хабар беретіндей.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Адамды тұрар адам қып, Ақжүректiлiк пен адалдық.

Адам баласының жақсы қасиеттері көп. Солардың ішінде ақжүректілік дегені қандай қасиет деп ойлайсыз? Ақжүрек адамдар көп жағдайда өздері көп қиындық көріп жатпай ма? Сіздің ойыңыз қандай?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық