file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әбіш Кекілбаев | Бәйгеторы

Бәйгеторы Сейісті бірден таныды. Сейіс бірақ осы ауылдың бота-тайлағына таланып, жал мен құйрықтан атымен ада боп сүңкі кеткен бұны қапелімде тани алмай қалды. Жалтыр сауыры көк масатыдай күлің-күлің еткен көк ала дөненді көлеңдетіп ортадағы ақ үйге барып түсті. Сосын баяғы әдетінше, тұсап жатып, атының тірсегін, шашасын, тұяғын түгел тінтіп қарап шықты. Көлеңкеде қарш-қарш шыбын қағып жатқан қара ала төбетті қуып жіберді.

Арса-арса қабырғасындағы қатпар жарасына тиісіп, қара ала төбетті діңкелеткен көк шыбын енді көк ала дөненнің мазасын алар деп сескенді. Асыққа таласып қызыл шеке болып жүрген екі баланы да: «Қасына бармаңдар, асау, теуіп кетеді», — деп қорқытып қойды. Ақ үйге сосын барып кірді. Жаулығының ұшын толарсағына жеткізіп, шұбата тартқан ақ үйдің әйелі қолына қара шәйнек ұстап, жерошақ басына беттеді. Бәйгеторы Сейістің шамалы уақытта шыға қоймасын білді.

Жерге басын салып еді, жаншылып қалған кесірткедей жер бауырлаған тарамыс жусан арасы сиреп селдіреп қалған тісіне ілікпеді; өзінін бір түрлі көңірсіген сілті иісі бар екен. Бәйгеторы басын көтеріп алды. Екі көзінің арасында ұшып-қонып жүрген сары пәлені көрді, мүкіс тартқан құлағы ызыңын да естімепті. Басын шұлғыса, ту сыртына барып қонады. Өне бойын дір-дір шіміріктіріп, тызылдатып шағады. Құйрығын бұлғап еді, бар қылынан айырылған бір тұтам қылта ауада ербеңдеп қалды. Одан бөгелек қайдан үріксін? Бәйгеторы шыдай алмай шапшып көрді. Шапшығанда да қайда барарын білмеді. Ауылдың желкесіндегі машинамен су әкеліп құятын тоғанның қасына барса, темір астаудан опыр-топыр су ішіп жатқан қозы-лақ бұған бәрібір жол бермейді, осы ауылдың бар бота-тайлағы да со маңда жүр. Боталары мен қозы-лағына су жеткізе алмай жаны күйіп жүрген қатындардың қақ маңдайдан салып қалуы да мүмкін. Әне бір екі-үш бөшкені қалқалап қойған тақтай күркенің көлеңкесіне барып тұрар еді, құжынаған көк шыбынын шұбыртып қара ала төбет жатып алыпты. .....
Әңгімелер
Толық

Әбіш Кекілбаев | Бәсеке

I

Қыз өссе қырсық көбейеді деген рас екен. Әйтпесе, тап бүгінде Балпан байдың мұрты қисаятын жөні бар ма?! Құла сағым көп жылқының алды суды Шіліктіден ішкенде, арты сонау алты көштік Тасқайнарға жаңа құлап, аспан астын ақ шаң қылып жатысы анау. Қойдың саны қазір қаншаға жеткенінен өзі де бейхабар. Әйтеуір, жабағы жүн қырыққанда саудагер Шүрен күніне он арбадан қалаға жөнелтіп тұрып, жарты ай дегенде зорға тауысты. Көшен ақын Балпан байдың көшкен жұртында әр бұтаның түбінде бір-бір түйе ұмыт қалады деп жырлап жүр.

Құдайға шүкір, әкімдермен де қабағы оң: ауыздарын майлап-майлап қысы-жазы бірдей қапырық ұзын қапыдан құтылып, мынау жарыса аққан екі өзеннің алқабын түгел бір өзіне қаратты. Басына қыстайды, аяғына жайлайды, екі ортадағы елу көштік ен дала мұның өрісі. Осы анада жаз басында ғана соғып кеткен ақ патшаның ұлығы астындағы көк арбаның тертесін жерге кіргізіп жіберетіндей маңғазданып келіп еді, қоңыр марқалардың зауза айындағы туырылған уыз еті мен жарықтық қымыздың жібітпейтін пейілі бар ма! Әлгі сабазың кетерінде бұны қалыңдығынан бетер аймалап, қайта-қайта құшып зорға қоштасты. Балпекеңнің де білмейтінін ит жесін — ұлықты шығарып салыңдар деп артына алты жігіт ертіп, елдің шетінен екі жүз ісекті айдап апарып, қалтасына ақша қып салып беріңдер деді. Баласын үй ішіне қант-шай әкел деп қалаға жұмсап, екі арбаны аузы-мұрнына шыққанша өңештен өтетіндердің ең бір жылы-жұмсағынан сықады. Ол ұлық үйіне Шіліктің бойынан қызырға жолыққандай қызара бөртіп, асып-тасып барғанда бәйбішесінің алдынан марқаның ақ уыз құйрығын асып отырғанын көреді. Сосын ол көкесінің атын ұмытса ұмытар, тап Балпанды ұмыта алмас. Бұдан былай о бәлемнің қарыны шұрқ .....
Әңгімелер
Толық

Әбіш Кекілбаев | Бір шоқ жиде

Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на земле

И. А. Бунин.

I

Жиде сайғақ шаншылған қызыл төмпектің құбыла бетіне ши барқыт бешпент-шалбары бар имек мұрын тарамыс шал жер тізерлей жүгініпті. Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Басындағы күн жеп тастаған мауыты қалпақтың оң самайынан жылтырап көрініп тұрған ақ атлас астарынан «Люкс» деген ирек жазу сығалайды.

Кеңірдектен шыққан қоңыр мақам кенет баяулап, тісі түскен кәрі кісінің ысылы көп шүлжің әңгімесіне ұласты. Қос тізеге жарыса құлаған салалы саусақтар көкке көтерілді. Сосын бір шөкім ғана сопақша бет-ауызды салғырт сипап өтті. Имек мұрын қара шал жылан көздене жылтырайтын қағанақ көзілдіріктің ар жағында манадан бері етпеттей сұлап жатқан селдір кірпіктерін кілт тікірейтіп жұрт жүзіне үңілді.

— Халайық, Сұрапалдыұғлы Тілеу қандай адам еді?

Қызыл төмпектің аяқ жағында мырс-мырс жылап отырған күлте сақал кісі:

— Жақсы адам!— деп тұншыға кемсеңдеді.

Аядай зираттың бір пұшпағындағы кішкене шоғыр жарыса тіл қатты. .....
Әңгімелер
Толық

Екі әтеш

Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып-қағыпты.
Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды.
— Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бір тойсам-ау, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Екі иттің достығы

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты.
Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.......
Ертегілер
Толық

Екі лақ

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы – қалың шілік, ана жағы – қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
— Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! – деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады.
Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың – ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын.......
Ертегілер
Толық

Ағайынды екі жалқау

Бір байдың екі баласы болыпты. Олар жетім қалыпты. Сонда екі бала жан болмаған соң: «Аң аулайық, – дейді, — Елік аулап күнімізді көрейік», – дейді.
Сонда екеуі бірлесіп жүріп келе жатқанда, төрт-бес күн жүргенде, азықтары таусылып, екеуінің қарны ашады. Не істерін білмей, жапандағы бір бұлақтың қасына кеп, суды ішіп-ішіп ұйықтап қалады. Үлкенінің түсіне бір ақ сақалды адам кіреді. Сонда үлкеніне айтқаны: «Сенің ініңнен саған опа келмейді. Оған өте жақын жүрме. Біраз жерге барғанда, бұдан айырыл. Бір жерге барғанда жол екі айырылады, жолдың оң жақ айырылымына сен түс, сол жағына ініңді жібер. Оң қол жағыңа барғанда, талықсып......
Ертегілер
Толық

Биология | Секіртпе

Секіртпе (Bradsot) — қойда болатын өте жұқпалы ауру. Ауру малдың аяқ асты өліміне соқтырады. Қоздырғышы — спора түзетін анаэробты микроб (Clostrіdіum septіcum). Секіртпе кенет пайда болады. Аурудың аса жедел түрінде мал қалтырайды, іші кебеді, аузынан көбік ағады, мұндай жағдайда 10 — 15 минуттың ішінде қой өліп кетеді. Секіртпенің аса жедел түріне ем қонбайды. Ал жіті түрінде — малдың мойын тұсында және тамағының астында ісік пайда болады, кейде тістерін қайрап, бір орнында айналшықтайды, қалтырайды. Ауру қозған кезде қойлар аяқтарын алға созып, бастарын шалқайтып құлайды, 2 — 12 сағаттан соң өледі. Секірпемен көбіне 2 жасқа дейінгі жас төлдер ауырады. Ауруды негізінен ауру және қайта ауырған қойлар қоздырады. Секіртпемен ауырған малдың 90%-ы өледі, өлген малдың өлімтігін өртейді. Емі: ауру созылмалы болса, көпәсерлі антибиотиктер, иммунді қан сарысуы қолданылады. Секіртпе шыққан отардың қонысын өзгертеді.

.....
Рефераттар
Толық

Екі дүниелік әйел

Бұрынғы кезде бір бай болады, байдың жалғыз баласы болады. Бай баласына уақтылы қалың бермейді. Бала ержеткен соң, құрбылары:

— Ей, сен бізбен жүрсейші, бәленше байдың қызын алып берейік,– дейді.

— Бармаймын, – дейді бала. «Бармаймын» деген соң құрдастары одан күдер үзіп: «Қызтеке, қызтеке» деп мазақтайды. Бір күні осы өсекті баланың әке-шешесі естиді. «Дүниеқор бай жалғыз баласына әйел әпермейді» деген сөз елге де тарайды. Баласын шақырып алып бай: «Өзің сүйіп таңдап әйел ал, дәулетім жетеді. Төрт түлік малдан сауда істе, босқа жүрме, төңіректі төрт айналып шық»,– дейді.

— Жарайды, – дейді баласы. Мал алады......
Ертегілер
Толық

Екі жетім

Бұрынғы заманда бір бай болған екен, ол байдың бәйбішесі және тоқалы болыпты. Бәйбішесінің бір қызы, тоқалының бір ұлы, бір қызы болыпты. Күндерде бір күн тоқалы ауырып өледі. Бәйбіше тоқалдан туған қыз бен ұлға түк тамақ, киім бермей, өнебойы қиын жұмыс істетіп жүреді екен. Бір күні бәйбіше әлгі бала мен қызға ұрсып-ұрсып:

— Қой бағып келіңдер! – деп, аштан аш далаға айдап жіберіпті. Бала мен қыз жылай-жылай қой соңында жүріпті. Баланың жылағанын қойлардың арасынан бір қошқар естіп, қыз бен баланың қасына жүгіріп келіп:

— Неге жылап отырсыңдар? – депті. Бала мен қыз бастарынан өткен қиыншылықтардың......
Ертегілер
Толық