Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біздің бір затқа қарасақ та оны байқауымыз немесе нашар көруіміз мумкін. Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін естіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер біздің бар зейініміз басқа бір нәрсеге аударылып отырса, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңілін аударса, оның екжей-текжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз. ....
Психикалық іс- әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой- санасын істеп жатқан әрекеті сол әрекет нысана тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр- түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата- аналарының оған айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз. ....
3ейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердіц бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. ....
Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткішінің болмауы — экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады. Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезіңде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік – экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасынын өсу серпініне, Халықаралық валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады.....
Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. ....
Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу. Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Курстық жұмысымды мына жазған еңбектерден жаздым. Соның ішінде: С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым. Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек. ....
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Екінші деңгейдегі банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар. Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың екінші деңгейдегі банктер қызметіндегі ролі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары». Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. Пассивтің операцияларына мыналар жатады: салым қабылдау (депозиттер); клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу; өзінің бағалы қағаздарын шығару (облишация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары); банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан; репо операциялары; еуровалюталық несие алу.....
Қыпшақ Бейбарыс Египетті 17 жыл билеген. Оның толық аты-жөні әл-Мәлік аз-Зәкір Рух-ад-дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихли. Ғалымдардың пікірі бойынша Бейбарыс 1223 жылы Каспий теңізінің батыс жағалауында дүниеге келген .Қыпшақ тайпасынан шыққан. 1277 жылы Сирия қаласы \Дамаскіде\ қайтыс болған. Ол Египет пен Сирия сұлтандарының ішінде ең атақтысы, ең сыйлысы болған. 1260 пен 1277 жылдар аралығында осы мемлекеттерді басқарған. Ол халық арасында \118 крестшілер\ мен монғолдарды жеңген билеуші болумен қатар, игілік жасаушы \175 реформатор\ кейпінде де атағы шыққан болатын. Халық аузында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан "Бейбарыс сұлтан" әңгімесі араб ауыз әдебиеті творчествосы - \226 фольклордың\ озық шығармасы болып табылады. Ал Бейбарыс сұлтанның аты халық арасында билеуші, әрі батыр ретінде кең танымал екендігін көрсетеді. Ол жайлы шығарылған бұл әңгімені шежірешілер халық көп жиналған алау маңында айтып беретін. 1242 жылы монғолдар қыпшақ жерін жаулап алғаннан кейін бозбала Бейбарыс тұтқындалып, басқа да руластарымен бірге құлдыққа сатылып кеткен болатын. Түркі тілінде сөйлейтін жалдамалы әскерлер мұсылмандық |Жерорта теңізі бойындағы елдердің әскерінің қомақты бөлігін құрайтын жєне олардың құны үлкен ақша тұратын. Өмірдіњ әр түрлі тәлкегінен өткен Бейбарыс, Египет сұлтаны Ас-Салах Нажім-ад-Диннің қолына түседі. Оны сұлтанның өзге де әскерлерімен бірге, Ніл өзені бойындағы бір аралда ұстайды. Ол осы жерде өзінің қайсарлығы мен қаруды жақсы қолдана алатындығымен көзге түседі. Ол аралдағы әскери өнер мектебін бітіргеннен кейін, шайқастарға қатысып, ерлігімен көзге түседі. Бейбарысты соғыстағы ерліктері мен көзсіз батырлығы үшін сұлтанның күзет бастығы етіп тағайындалады. ....
Жердің пішіні мен көлемін дәл білу ғылым мен техниканың көп саласына керек (жер серігі және ғарышқа ракета ұшырғанда, авиацияда, теңізде жүзуде, радиобайланыста және т.б.), соның ішінде ең алдымен жер бетін картада дұрыс бейнелеу үшін геодезия саласына өте қажет. Жалпы ауданы 510 млн.кв.кмге тең Жердің беті мұхит әлемінен (71%) және құрылықтан немесе материктен (29%) тұрады. Мұхит әлемінің орта тереңцігі - 3800 м болса, құрлықтың мұхит суларының орташа деңгейінен орта биіктігі -875 м жуық. Жоғарыда көрсетілген шамалар құрлық бетінің аумағы жалпы жер бетінің аумағынан, ал оның биіктігі мұхиттың тереңдігінен біршама аз екенін көрсетеді. Сондықтан Жердің пішіні ретінде материктің астынан ойша жүргізілген мухит суларының тыныш күйіндегі беттің тұйық сызығын алады. Бұндай тұйық бет өзінің әр нүктесіндегі тіктеуіш сызыққа, яғни айтқанда ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. ....
Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар. Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді. 1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар: «1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады /1, 32 бет/. М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды. ....