Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады

Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.

Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.

Жаңалықтар
Толық

Роза Рымбаева ресейлік сайтты сотқа бермекші

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Ресей сайттарының біріндегі өзіне қатысты жарнаманың Қазақстан аумағында көрсетілуіне қарсылық білдіруде.

Бұл туралы [url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL1RlbmdyaW5ld3Mua3o%3D]Tengrinews.kz[/url] сайтына оның адвокаты Нұршат Турдиев хабарлады.

Арықтаудың тәсілін көрсететін жарнама жарияланған сәтте әншінің ұлы Әли Оқапов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне "Пираттық контент үшін анам сотқа жүгінбейді. Олардың қолынан тек суретті көшіріп алу ғана келетіні анық. Пайдаланушылар ақ-қарасын өздері-ақ ажырата жатар" деп мәлімдеген болатын.

Жарнама 2013 жылдың шілде айында қазақстандық сайттардың бірінде жарияланып үлгерді. Олар тұтынушыларға телефон арқылы және электронды адрестер арқылы кеңес беріп отырған.

"Қазір ол сайтты құрастырушы компанияны таптық. Алайда, домен иесі жиі ауысады",-  дейді Н.Турдиев. Енді әнші Қазақстан Интернет ассоциациясына хабарласып, "жарнамашыл" сайттың Қазақстан аумағында қолданылуына шектеу қойғызбақшы.

Жаңалықтар
Толық

Егер Сіз ұлтқа, жынысқа, дінге бөлушіліктің құрбаны болсаңыз не істеу керек?

Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет деп біледі, оның ең басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері. ҚР азаматының конституциялық және басқа да құқықтары мен еркіндіктеріне қарсы қылмыс жасау заң алдындағы жауапкершілікпен қарастырылған.
Кеңестер
Толық

Жұмағұлов білім саласындағы бірнеше көкейтесті мәселені атады

Жақында мектеп оқушыларының біліміне жүргізілген ұлттық мониторинг біраз кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты
Жаңалықтар
Толық

Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды

Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.

Фото: drive2.ru
Фото: drive2.ru

Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.

Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.

Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.

Жаңалықтар
Толық