Адам сан түрлі мінезге ие. Екі аттас зарядтардың тартылып, бір аттас зарядтардың тебісетіні секілді адамдар да кейде бір-бірінің мінездерімен үйлеспей жатады. "Екеуміздің мінезіміз бірдей болған соң ба, біз ұрсысып қала береміз" деп жатамыз. Ол рас. Қандай жандар бір-бірімен үйлеспейді? Бір мінезді адамдардың отбасы қандай болады? "Өзімді-өзім тәрбиелеймін" сабағының да келесі тақырыбы - осы...
Екі шатақ мінез біріксе, пішкен тондары келте болып шығады. Өйткені бірінің айтқанын бірі тыңдағысы келмейді. Біріне бірі тағы бағынғысы келмейді. Әркім өз айтқанын жасағысы келеді. Олардың былай тартып арбаны сындырып, былай тартып өгізді өлтіріп алатыны да сондықтан. Сол секілді қырсық мінезділер, тез ашуға берілгіштерді де осы қатарға жатқызуға әбден болады.......
✅ Адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік – сәбіз. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді.
✅ Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Сондықтан да оны кішкентай бөбектер, болашақ және бала емізетін аналар, асқазан, бүйрек, жүрек, қант диабеті ауруына шалдыққан жандардың көбірек пайдаланғаны жөн. Ересек адам күніне 1 стақан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Тек сәбіз шырыны тұрып қалмауы керек. Ұзақ тұрып қалса, шырынның сапасы өзгеріп, емдік қасиеті жоғалады.......
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.
Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуіндей-ақ, осы мәселені тек әзіл ретінде қабылдағанымыз аздық етеді. Кедейлікте өмір сүргендердің көбі тағдырдың тарантасымен жүруді ең дұрыс шешім деп қабылдайтын көрінеді. Олардың ойынша, қанша қарекет қылғаныңызбен, қолдан келер дәрмен жоқ. Айта көрмеңіз! Егер адам өз өміріндегі оқиғаларға үшінші жақтан көрермен ретінде қараса, әрине дәл осы жағдай болмақ. Тіпті күрес жолына белсенді түрде шықсаңыз да, қиындық пен сәтсіздіктерге кезіккен сайын кері кету ойы да үдей түспек. Сонымен, мықты делінгендер ғана бұл сынақта үстем бола алады. Бай болуға деген қандай да бір әрекетке барсаңыз, біреу тоныңызды алып қалмайтынын да ұғу керек-ау, қалай қарайсыз?......
Менің курстық жұмысымның тақырыбы ҚР-ғы банктердің банктік тәуекелін басқаруы . Ол үш бөлімнен тұрады . Бірінші бөлім банктік тәуе-кел жайлы . Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы , табыс-тардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жо-ғалту мүмкіндігі . Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясын-да бірге болады . Тіпті барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелдігімен байланысты , банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді . Сондықтан тәуекелді қалай бас-қарса қауіп аз болады және тәуекелдің түрлеріне , топтарына қарай жік-телуі деген сияқты сұрақтар осы бөлімде қарастырылады . Екінші бөлімге банктің ең негізгі тәуекелдерінің бірі несиелік тәуе-келді мысал ретінде алдым . Барлық тәуекелдердің ішінен несиелік тәуе-келді таңдаған себебім , қазіргі кезде банктен несиені алынуын күнделік-ті кездестірудеміз . Сол себепті тәуекелдің осы түрі маған қызықты бо-лып көрінді . Негізінен несиелік тәуекел деген не? Несиелік тәуекел дегеніміз - бұл қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің міндеттемелерін орын-дамаудың ықтималдығы. Үшінші бөлімге шетел мемлекеттерінің тәжірибесіндегі банктік тәуекел-ді алдым .....
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.). Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады. Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу пәні: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары. Зерттеу объектісі: Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы. Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр. Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр.Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.....
Тіс жегісі – бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90 - 95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын байқауға болады. Біздің мектепте де бұл ауру оқушылар арасында кең таралған (қосымша 1). Осы құбылыстың кең таралуының негізгі себебі неде деген сұраққа жауап іздеп, әдеби кітаптардан, әлеуметтік желіден мәліметтер қарағанда тістің бұзылуынан сақтауда сілекей құрамының ерекше әсері бар екендігі жазылған. Бірақ мәліметтер келтірілгенмен, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан тіс жегісінен сақтаудағы сілекей құрамының маңызына көз жеткізу үшін осы ғылыми жобаны алып отырмын. 1. 2 Жұмыс мақсаты Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызына байланысты зерттеу жүргізу. 1. 3 Жұмыс міндеттері 1. Сілекей құрамын, құрылысын, қасиетін және қызметін қарастыру. 2. Сілекейдің буферлік ерітінді екендігін басқа буферлік ерітінділермен салыстырып отырып анықтау......
Кіріспе Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Наурыз мейрамының тарихи түп - тамырына үңілсек... Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Адамзат баласының өзін қоршаған ортамен қарым - қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлер, діни әдет - ғұрыптар, маусымдық халықтық мерекелер және отбасылық той – томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет - ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым - сырым, наным - сенімдермен бірге зороастризм, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар - жыл басы тойы - Наурыз, жаз тойы - Қымызмұрындық, күз мейрамы - Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы - Соғым енеді. Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным – түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт - дәстүрлер аясында болады......
Жоба жұмысының мақсаты: Көкшетау поэмасындағы тау атауларының аңыздармен сабақтастығын анықтау Міндеті: - Ақын өлеңдеріндегі табиғатты суреттеулерін зерттеу, саралау; - Табиғат сұлулығын адам тіршілігімен байланыстыруын байқау, аялауға үйрену, табиғаттың көркем бейнелерін көре білуге үйрену.; - Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау
Жобаның өзектілігі: С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерінің адам өмірімен байланыстылығы, бейнелі сөз сұлулығы. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: С. Сейфуллин лирикасындағы табиғат суреттерінің өміршеңдігі жоғары, өзінің оқырмандарын рухани байытуға өз үлесін әрқашанда қосады, болашақ ұрпақтың өлеңдерден алары көп екендігін болжадым. Зерттеу әдістері: • Ізденіс • Халық аңыздарын Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерімен байланыстыру • Жүйелі қорытындылау І. Кіріспе Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Сәкен – өлеңнен өрнек өрген ақын... (Н. Ә. Назарбаев) .....
Жоба жұмысының мақсаты: Көкшетау поэмасындағы тау атауларының аңыздармен сабақтастығын анықтау Міндеті: - Ақын өлеңдеріндегі табиғатты суреттеулерін зерттеу, саралау; - Табиғат сұлулығын адам тіршілігімен байланыстыруын байқау, аялауға үйрену, табиғаттың көркем бейнелерін көре білуге үйрену.; - Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау Жобаның өзектілігі: С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерінің адам өмірімен байланыстылығы, бейнелі сөз сұлулығы. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: С. Сейфуллин лирикасындағы табиғат суреттерінің өміршеңдігі жоғары, өзінің оқырмандарын рухани байытуға өз үлесін әрқашанда қосады, болашақ ұрпақтың өлеңдерден алары көп екендігін болжадым. Зерттеу әдістері: • Ізденіс • Халық аңыздарын Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерімен байланыстыру • Жүйелі қорытындылау .....