file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

ЕР ЖІГІТТІҢ НАЗАРЫНА

1.Ердің екі сөйлегені-өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс
5. Таспен атқанды аспен ат- жеңісің! Содан кейін алшақ жүр.
6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын.
9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10. Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
11.Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа.
12.Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.......
Кеңестер
Толық