Жылыжай эффектісі (булану) және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 2-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі (булану) және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 2-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Көктемелік эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін мен оның биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жаһандық жылынуды қоса парниктік әсер себептері мен салдарларын біледі. Олар сондай-ақ өздерінің көмірсутектік ізін қалай азайту туралы болжам жасай алады. Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жылыжай эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін білу
Жылыжай эффектінің салдарының гидросфера,атмосфераға және биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жылыжай эффектісі себептері мен салдарларын біледі.
Жылыжай эффектісін туғызатын газдарды азайту жолдарын болжады
Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды
Деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін сараптап жылыжай эффектісіне дәлелдер келтіреді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері (7 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
Сабақ мақсаттары: Мұхит суының тұздылығына сипаттама жасайды
Мұхит суының температурасына сипаттама жасайды.
Оқушылар атлас картаны қолдана отырып мұхит суының қасиеттерінің таралуы бойынша талдайды. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

География | Дүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы - 361 млн км,Мұхит суының басты қасиеті-температурасы мен тұздылығы.Терендеген сайын суының
температурасы төмендей түседі: 3000-4000 м,аралығында +2°-0°.
Дүниежүзілік мұхит суының құрамы: суда еритін тұздар, газдар, органикалык және ерімейтін т.б. заттар.1 литр мұхит суындағы тұздың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Ол промилле арқылы өлшенеді.
Мұхит суының орташа тұздылығы-35 0/о.Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық. Қызыл теңізде, 41"/ю.Мұхит суынын беткі температурасы полюстерге қарай төмендей түседі.Дүниежүзілік мұхит мұздықтары бір жылдық, көп жылдык, қалкыма (айсберг)
больш бөлінеді.
Мұхит пен материк арасындагы өзара байланыс - муссондар болып табылады.Мұхиттың белгілі бір бөліктерін ашып жатқан зор көлемді суды - су массалары деп атайды. Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді. Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғал айналасында беткі ағыстар пайда болады.
Мұхиттык ағыстар: Солтүстік пассат ағысы, Гольфетрим,-Солтүстік Атлант ағысы, Канар суық ағысы. Бразилия ағысы, Батыс желдер ағысы, Бенгал ағысы.....
Рефераттар
Толық

География | Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай қоры және мұнай дауы

Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.

ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЛАР ДАУЫ

Жердi бөлiсе алмай таусылған кейбiр елдер ендi мұхит пен теңiз түбiне таласуда. Өйткенi, сарқылуға айналған табиғи ресурстардың игерiлмеген бөлiгi судың астында сақтаулы.
Жер бетiндегi түгелiсiп бара жатқан табиғи ресурстар үшiн күрес қыза түскен. Мұнай мен газ, бағалы және түрлi түстi металл, тасымал жолдары шектеулi көмiрсутегiлер әлемдiк саяси сахнаның күн тәртiбiне шықты. Кремль дайындаған “Ұлттық қауiпсiздiк стратегиялары” атты құжатта әлемдiк қорлар жолындағы тайталас Арктика, Таяу Шығыс, Баренцево мен Каспий теңiздерi, Орталық Азиядағы көмiрсутегiлерге бай мемлекеттерде орын алуы мүмкiн екендiгi айтылған. Халықаралық агенттiктер тарапынан ұсынылған деректерге сүйенсек, алдағы 10-15 жылда Жер шарында табиғи ресурстарды иемденудi көздейтiн күрес жиiлейдi. Өйткенi, жұмыр Жерге бұйырған мұнай мен газдың игерiлмеген бөлiгi (100 миллиард баррель) Солтүстiк Мұзды мұхиттың түбiнде жатыр. Қазiргi кезде миллиардтаған “қара алтынға” қожалық ету құқығына АҚШ, Дания, Норвегия, Канада мен Ресей таласуда. Тiптi, АҚШ, Канада мен Ресейдiң мұхит жағалауына тұрғызған әскери қалашықтары бар, ал қарулы қақтығыстарға дайын тұрған әскери қару-жарақтар кез келген сәтте берiлуi мүмкiн бұйрықты күтiп, қаңтарылған. Орыстар әскери-теңiз күшiнiң үштен екiсiн солтүстiк бөлiкке шоғырландырса, оларға қарсы Құрама Штаттардың әлемдi айбынымен ықтырған Екiншi флоты тұр. Мамандардың көпшiлiгi алдағы онжылдықта Жер шарында болмаған ең сұрапыл соғыс осы энергоқорлардың соңғы сарқыны сақталған Солтүстiк Мұзды мұхиттың төңiрегiнде болатынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, Арктиканың жағалауына жататын 5 мемлекет – АҚШ, Канада, Дания, Норвегия мен Ресей тек өздерiне тиесiлi жағалауда 200 мильге ғана иелiк етсе, мұхиттың қалған бөлiгi ешкiмнiң қожалығында емес. Мұхиттың бөлiгiн барынша молынан қарпып қалуға тырысқандарға БҰҰ тарапынан талап қойылды: егер мүдделi мемлекеттер мұхиттың өзге бөлiгiндегi елмен шектесетiн шекараларды анықтаса, мұхиттағы қосымша бөлiкке ие болады. ....
Рефераттар
Толық

География | Дүниежүзілік мұхит

Жердегі су күн жүйесі планеталарының ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған. Мөселен, Шолпанда су тек қана газ күйінде, ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.
Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды. Оған мұхиттар мен теңіздер, көлдер мен өзендер, бөгендер мен мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.
Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен 1,6 млрд км3. Оның 96,5%-ы мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; 1,7%-ы мұздықтар мен тұрақты қарлар; 1,7%-ы жер асты сулары; 0,06%-ы өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұшы судың үлесіне 2,5% тиеді.
Тұщы су барлық тіршіліктің негізі. Оны адам баласы өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.
Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы өте зор. Су қабығы қоршап жаткандықтан, біздің планетамыздың климаты адам тіршілігіне колайлы.
Табиғатта су баяу жылынып, баяу суынады. Мұхиттар мен теңіздердің суы жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинайды да, қыста планетамыздың ауасын жылытады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу

Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек – бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір – біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған “Тынық мұхит” деген ат берді.
Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.
Атлант мұхиты арқылы Батыс және Шығыс жартышарда орналасқан елдері бір – бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн бойы кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл - ең жылы мұхит. ....
Курстық жұмыстар
Толық