Балғабек Қыдырбекұлы | Дос қадірі


Қандай жолдас еді, ол, қандай жолдас еді,— деген сөз оның ділінде де, тілінде де тұрды. Сол бір сөзді қайта-қайта қайталап қойып. ұзақ-ұзақ даққа кетеді. Еріндері күбірлей береді. Оның еріні күбірлеген сайын жанында отырған жұбайы оның өзінше сөйлеп отырғанын байқамай «м-м» деп қала береді. Ол жасаураған бота көздерін Гүлбаршынға бір тастап қайта ойымен болады. Сәлден кейін күбірлейді. Бұл күбірлеген сайын Гүлбаршынның іші қорқа түседі. Бірақ үндемейді. Қазақ ойға кеткенде ойын бұзбай, үндемеуге Гүлбаршын үйреніп кеткен. Сол әдебін-әдетін бүгін де сақтап отыр. Әншейіндегісі бір жөн екен, бүгінгісі әлейім болды. Үндемейді, алайып жасаураған қос шырағы жасқа толып, қанталап кеткен. Шамасы ол сыртта, үйге келгенше де жылаған болса керек.

«Волга» Күнгей Алатауды бөктерлеп Ыстықкөлдің солтүстік жағалауымен жүйткіп келеді. Тасты, кедір-бұдырлы жолды жолаушылар елең қылып отырған жоқ. Тек анда-санда баранка ұстап отырған бала — Қарақ машинасын тоқтатып, артқы қақпағын ашып, ү'ш аяғын буып салған көрсен құйрықты көрқызыл қазақы қойды байлап келеді де, қайта жүріп кетеді.

Машинаның артында екі адам Қазақ пен Гүлбаршын қасқыр ішікке оранып қатар отыр. Күнгей Алатаудың күнгей жағы болса да, қар қалың. Жолдан кішкентай ауытқуға болмайды. Оның үстіне Қарақтың, машина жүргізгені жаңа болмаса да заводтан жаңа шыққан және ілкі келе бастаған ГАЗ—24 сырын алып болмаған машина. Кеш алдында келген суық хабардан кейін-ақ бұлар көз ілген жоқ. Содан соң Қазақ анда-санда жол жабдығын, сөздің мәнін, жауабын айтқаны болмаса артық үн шығаруды қойды. «Қандай жолдас еді, ол?»— деп күбірлей береді, кейде ойы сыртқа шығып кетіп те отыр......
Әңгімелер
Толық

Мұстафа Шоқай | Түркия Кеңес достығы

(Уәли Нұралдин бектің мақалаларына орай)

Ыстамбұлда шығатын «Хабар» атты газетінің (14 және 15 і желтоқсанда шыққан) екі санында Уәли Нұралдин бектің мақаласы басылып шықты. Олардың екеуі «Дүние жүзіндегі түріктер ...танысыңыз!», біреуі «50 миллион түрік бұқарасы қауіп астында» деп аталады.

Аталған мақалалардың мазмұндары олардың аттарынан да анық көрініп тұр. Бұлар Нұралдин бектің кезінде «Яш Түркістанға» көшіріп басылған (48-санына) екі мақаласының жалғасы іспетті. Уәли Нұралдин бек түрік баспасөзі беттерінде түрікшілік мәселесін өз деңгейінде көтеріп, жүрген бірінші және қазіргі кезде бірден-бір түрік қаламгері...

Түркия сыртында әмір сүріп жатқан түріктердің жағдайларынан хабар алып тұру, олармен қалыпты қарым-қатынас жасау мәселесі әлдекімге немесе Түркияның әлдебір елмен орнатқан саяси байланыстарына қарсы бағытталған дұшпандық әрекет емес. Осылай деп есептелетін болса, мұндай көзқарас Түркияның таяудағы, өткінші мүдделеріне болса, оның алыс болашақты көздейтін идеологиялық негіздеріне немқұрайды қарағандық болып шығар еді. Кеңес Одағы шекарасы ішіндегі Түрік автономиялары бастан кешіріп отырған қайғы-қасіретін кеңестік құрылым мен Түркия арасындағы достық - ынтымақ арқылы үйлестірмек болып жүрген Уәли Нұралдин бек мұны жақсы біледі.

Кеңес құрылымы мен Түркия Республ.....
Әңгімелер
Толық

Достық

Бұрынғы өткен заманда бір жігіт аңға шығып, құс салып жүреді екен. Бір күні биік бір тасқа келіп отырған көк құсты көреді. Құстың қасына жақындап барады. Бірақ, құс ұшпайды.

«Бұл не қылған құс?» деген оймен ұстап алып қараса, оның қанат, құйрығы жұлынған екен.

Көк құсқа рақымы түсіп, жігіт оны үйдегі атасына апарып көрсетеді.

Атасы құсқа қарап отырады да:

— Балам, бұл құсты он бес күн бақ. Сонан соң қалаған жағына ұшырып жібер, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Достық айналған саяхат

Бейбарыстың әкесі дәулетті адам. Үйлері кең сарайдай. Шетелдік қымбат көліктері де бар. Бейбарыстың қалаған заты әкесінің арқасында қол жетімді болатын. Содан болар, ол тым еркетотай, әрі жалқаулау. Ал Бейбарыстың көршісі Жігердің әкесі еш асып-таспайтын, адамгершілігі мол, қарапайым момын жан. Жігер де қарапайым, еңбекқор, ақылды бала. Бейбарыс пен Жігер бір сыныпта, 7 «ә» сыныбында оқиды. Әрине, екеуінің ортақ ойлары болмағандықтан, отбасы жағдайына байланысты да достары бөлек.......
Ертегілер
Толық

Қазақ әдебиеті | Сейітқазы ДОСЫМОВ

ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5. 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы. Үшарал а. – 1997, Алматы) – жазушы. Шымкент сауда техникумын (1963), Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1969) бітірді. 1969 – 76 ж. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде .....
Рефераттар
Толық

Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында

Ерте заманда бір жолбарыс бір тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатыр еді. Үстіменен бір тышқан жорғалап жүріп бара жатқанын сезіп, ұйқысынан оянып қараса, тышқан екен, ұстап алды да тышқанды қысып өлтіретін болып еді. Тышқан:

– Я, тақсыр, арызым бар, мені өлтірмеңіз, бір күнәмді кешіріңіз, білмеген екенмін, тірі жүрсем, мен де бір қызметіңізге жарармын, – деп, арызын айтты.

Жолбарыс күліп тұрып:

— Мен - жолбарыс, сен......
Ертегілер
Толық

Бұйырмаған бақытым..

Мен сені сүйіп едім,
Басқаменен көргенім де қызғаныштан күйіп едім,
Сүйдім мен, бірақ жіберіп алдым сактай алмай,
Солай болғанына енді күйінемін.

Біз екеуміз жай ғана доспыз
Бірақ сені сүйемін....
Өлеңдер
Толық

Адал дос

Достық - адамдардың бір-біріне мүлтіксіз сеніп, ортақ көз қараста болатын қасиеті. Менің достарым өте көп. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың рухани белгісі. Дос-жарандарымыздың әр түрлі мінезді болуы мүмкін. Достың біреуі жақсы мінезді болса, екіншісінің мінезі қызбалаң болса онда оны нағыз......
Шығармалар
Толық

Менің досым

Менің досымның аты - Аружан. Мен бір қиындыққа ұшырағанда Аружан маған көмектеседі. Ол маған көмектессе, ертең мен оған көмектесемін.......
Шығармалар
Толық