Жұмағали Саин (Доспен сырласу)

Өтер күн, сағымдайын өтер жылдар,
Қартаяр сансыз адам өмір зырлар,
Сенімен біз жайлаған Көкше сырын
Жыр етер сұңқылдаған талай ділмар.
Қауданды, қарағайлы жерін де айтар,
Сүйікті қыз көзіндей көзін де айтар,
Жаз бен қыс баурайында мекендеген,
Меймандос берекелі елін де айтар.
Біреулер сырлы, жұмбақ қызын да айтар,
Бұлт басқан тау өркештен күзін де айтар,
Мақтасар аспанын да, жерін - дағы
Қыратты, жоңышқалы түзін де айтар.
* * *
Жүр менімен енді ілгері сен бірге,
Бақыт пенен мехнатты жең бірге.
Мезгіл-мезгіл үрлеп ыстық лебіңмен.....
Өлеңдер
Толық