Домбыра

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық.....
Шығармалар
Толық

Қалижан Бекхожин (Домбыра)

Тиер жылы жүрекке үнің сенің,
Туған күні даусыңды естігемін.
Атам, анам өсіпті сеніменен,
Саған айтып кетіпті ескі кегін.

Мені де маужыратқан-сол бір күйің
Үніндей сонау сырлы....
Өлеңдер
Толық

Ғибратты әңгіме: Дирижердің таяқшасы

Ұлт аспаптар оркестрі. Оның құрамында не жоқ! Қобыз, Домбыра, Сыбызғы, Шаңқобыз, Сазсырнай, Жетіген,.. Құдайға шүкір, жетіп жатыр!
Ұжымның аты ұжым. Қайткенде де оны біреу басқаруға тиіс. Кім? Қобыз ба? Әлде Жетіген бе? Ақыл таразысына салып көрсе, бәрі де лайық. Бәрінің де жөні, бәрінің де мүмкіндігі бар. Бірақ жабық жасырын дауысқа жібергенде ешқайсысы оқ бойы озып шығып, барынша көп дауыс ала алмады. «Тұяқты тұяқ жібермейді» дегендей, өзара деңгейлес түседі. Тізеге басып, күш көрсетуге....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері

Жанғатаева Ботагөз Уатайқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ақкөл орта мектебі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы


Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері
Сабақтың мақсаты. І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту
Міндеттері.
1. Өлеңнің ой – түйінін жан – жақты аша отырып,шығарманың идеясына көз жеткізу
2. Әдебиет теориясынан түсінік беру
3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастастыруына ықпал ету
Ашық сабақтар
Толық

Дәстүрлі күйшілік өнер

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар.....
Рефераттар
Толық

Сәкен Сейфуллин (Шөлде)

Көкіректе қайнаған кек оңдыра ма?
Көңілді бір орынға қондыра ма?
Түнерген қара қабақ жадырасын,
Ән салып, күй күйлейтін домбыраға.
Аршадан кертіп жонып тиек салдым,
Ызаны тарқатуға домбыра алдым.
Күңіреніп, көтеріліп....
Өлеңдер
Толық

Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап

Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ...
Шығармалар
Толық