"Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар": Дина Төлепберген тағы бір "жалаңаш" суретін жариялап елді таңғалдырды

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген тағы да сын астында қалды. Бұған дейін көпшілікпен бірге жастықпен денесін жапқан суретін желіге жүктеген әнші бұл жолы купальникпен түскен суретін жариялады.

"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?

Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!
Жаңалықтар
Толық

Дина Төлепберген (9 сәуір 1984 жылы)

Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) (9 сәуір 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген) - белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы.
Білімі
Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген.
М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы
1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі;
2001 – 2002 - «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы;
2002 – 2005 - «Отырар» арнасында «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі;
2005 - 2006 - «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Осы сағатта» бағдарламасының жүргізушісі;
2006 – 2009 – «КТК» телеарнасы «Астана» бюросының жаңалықтар қызметінің тілшісі (ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық