Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.1 Өсімдіктер
Сабақ мақсаттары: 3.2.1.5 - сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Денім сау болсын десең (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық. Денім сау болсын десең...
Сабақ тақырыбы: Денім сау болсын десең
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4. Адам. Адам денесінің құрылымы
Сабақ мақсаттары: 2.4.1.2 Адам денесінің бөліктерін және олардың қызметін атау
2.1.1.1. тамыр лүпілінің жылдамдығын бақылау арқылы сұрақтарға жауап табу
Мәліметтерді алу және таныстыру
2.1.3.2.өлшеулер үшін жабдықтарды таңдау және пайдалану, мысалы секундомер
Нәтижелерді түсіндіру
2.1.4.2.Көрсеткіштер арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Денің сау болсын десең (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың- жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Денің сау болсын десең
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар дене тазалығы туралы біліп, түрлерін ажырата алады. Өз беттерімен ереже құрастырады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ел болам десең

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы......
Эсселер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Десе)

Сені күткен көп заман,
«Ал аймала, мә, төсім.
Мә, мойыным, тамағым,
Сүйемісің, не етесін?
Аяңқырап аймала,
Қан шығарып кетерсін...»
Дегенге бір келсеңші,
Өйткені мен өлдім-ғой.
Апырым-ай, тас екенсің.....
Өлеңдер
Толық

Биология | Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер

Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіые бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше — жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60 см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар.
Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді.
Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын.
Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды.
Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. "Түркістан сабынды тамыры" деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын.
Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді.
Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.....
Рефераттар
Толық

Салт пен санамыз егіз болсын десек

Салт – дәстүр, әдет-ғұрып ұғымы тек қазаққа ғана емес барлық ұлтқа тән ұғым. Ежелден сол елдің нанымы мен танымы, сенімі мен ұғымы негізіндегі құрылым болып табылады. Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтың қанына сіңген қасиеттері: бауырмалдығы мен ақжарқындығы, қонақжайлығы мен қамқорлығы дәстүрінен көрініс табады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Біздің елімізде салтты қатаң сақтау ерте кездерден бастау алған......
Шығармалар
Толық