Экономика | Дербес демографиялық саясат берік болашақ кепілі

Демография – бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.
Бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі- Қазақстанның
өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшіе соншама қажет? Не үшін оған ұлттық қауіпсіздікте бірінші басымдылық беріліп отыр? Себебі, Қазақстан ұлысының негізгі ұлты ретінде қазақ халқының жан-жақты даму бағдарламасын қабылдап, көп ұлтты республикамызда ұлтаралық қатынастарды жақсарту мен сауықтыру мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтергенде ғана болашаққа толық сеніммен қарай аламыз.
«Мың өліп, мың тірілген қазақ» халқы басынан талай демографиялық апаттарды өткерді. Елдігіміздің шырқын өткенде отаршылдар нағыз демографиялық зобалаң жолдармен бұзып келгені баршаға аян. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, көрші, әсіресе, Жоңғар, Қытай, Ресей, Қоқан, Хорезм мемлекеттерінің шабуылына талай ұшырап, көптеген жерімізге қоса халқымыздан да айырылдық.Зұлматты геноцидтің басталуы қаншама тереңде жатса, оның зардабы да соншама ұзақ сақталуда. Бұл санымызға, тілімізге, егемендігімізге, дінімізге, санамызға, ділімізге, мәдениетімізге, экономикамызға, өркениетімізге, менталитетімізге тікелей әсер еткендігі сөзсіз анық.
Енді тым алысқа бармай-ақ, аңсаған тәуелсіздігімізді алғаннан бергі еліміздегі демографиялық өзгерістерге назар аударсақ.
Кеңес Одағының ыдырауы мен еліміздің көптен күткен тәуелсіздігін алуы барысындағы өтпелі кезеңде біз күрделі демографиялық өзгерістер мен жаңа көші-қон толқындарына куә болдық. Бұл кезеңдегі демографиялық үрдістердің негізгі ерекшелігі- өлім-жітімнің көбеюі, бала туудың кемуі, яғни, табиғи өсімнің құлдырауы салдарынан халықтың жалпы санының азаюы.Бұған қоса республикамыздан алыс-жақын жерлерге ауып кетіп жатқан көші-қон толқындарының өрістеуі де халық санын төмендетіп жіберді. ....
Рефераттар
Толық