Ойын ойнаған басшы таңдау үшін айтылатын санамақ
Бірім, екім,
Алма текім
Сапар айым,
Сары шымшық
Балтаңды ал да
Жүгіріп шық.
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Бірім, екім,
Алма текім
Сапар айым,
Сары шымшық
Балтаңды ал да
Жүгіріп шық.
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады.
Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек....
Барыс-келіс көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонып, дастарқаның мол болсын!
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!
Құрметті оқырмандар! 8 наурызға арналған тілектер мен құттықтаулар анаға, қыздарға, әпкеге, қарындасқа, сүйіктіге, әйелге арналады. Сіздерге ұнайды деген ниеттеміз!
Есту қабілеті бұзылған балалардың бірнеше ерекшеліктері бар. Есту қабілеті бұзылған балалары есте сақтау үшін көмекші құралдарды қолданады. Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің объективті жағдайларын айтарлықтай өзгертеді.Бұл мақалада осы процестердің анықтамалары келтірілген, сонымен қатар мектеп – жасындағы оқушыларға психологиялық - педагогикалық сипаттама берілген.
Бата берерде әркім «Иә, құдайым», «Иә, Алла», «Иә, жаратқан» секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.
Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!
Күлме досыңа, келер басыңа.
Айырылмастай досыңа,
Қайырылмастай сөз айтпа.
Есіктен орын тапсаң, төрге озба.
Тойсаң тоба қыл.