Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.

Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. 

"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп  ескерту жасады.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде өтінім береді

Бүгін Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім береді.
фото с сайта gde.kg
фото с сайта gde.kg

Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

"Кеше Президенттің тапсырмасымен Алматы қаласы әкімдігі және Олимпиада комитетімен бірге алқашқы кеңес өткізілді. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім беру туралы шешім қабылданды", - деді Е.Қожағапанов.

Сонымен бірге Алматы, ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұған толығымен дайын, нысандардың басым бөлігі Азия ойындары қарсаңында салынып, мақұлданды.

"Бірнеше спорттық нысандар салсақ жеткілікті, ал жөндеуді қажет ететін нысандарға 2022 жылға қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көліктік логистика дайын", - деп атап өтті Е.Қожағапанов.

Агенттік төрағасы атап өткендей, Олимпиада өткізуге қажетті барлық спорттық нысандар Алматыда орналасады. "Ресми өтінім бүгін беріледі", - деді ол.

Жаңалықтар
Толық

Қазақтар грузиндерді қапыда қалдырды

Кеше елордадағы "Астана арена" стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия елінің теңбілдопшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Мачтың беташары қос елдің мемлекеттік гимндерін орындаумен ашылды. Алаңға бет алған екі команда да арқаланып шыққанымен, қонақтардың бәсі басымдау болып көрінді.

Алайда, Қазақстан құрамасы бірден шапшаңдық таныта білді. Кездесудің орта шегіне келгенде Сергей Хижниченко грузиндердің қақпасына гол соқты. Ал, екінші таймда қонақтар шабуылды өз қолдарына алды.

Тіпті, грузиндер Қазақстан қақпасына гол соғуға мықтап әрекет жасап көрді. Бірақ, ойға алған тәсілдерін іс-жүзіне асыра алмады.

Кездесудің екінші кезеңінде ешбір команда гол соғу мүмкіндігіне ие бола алмады. Сонымен, есеп: 1:0 Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Жаңалықтар
Толық

Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды

"Балқаш-Қарағанды" тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды.

жаналык жарар

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков мәлімдеді.

"13 тамыз күні таңертең "Балқаш-Қарағанды" автожолының шетіндегі "Вираж" мейрамханасы маңында, Құрма ауылынан 2 шақырым жерде, Балқаш қаласына бара жатқан "Фольксваген Пассат" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып, "Ауди-80" автокөлігімен соқтығысып қалды. Ауди көлігін Шет ауданының 27 жастағы тұрғыны басқарған", - деп хабарлады Жанатай Сембеков.

ЖКО салдарынан "Фольксваген Пассат" жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушылары 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.

Ал 32 жастағы әйел мен 14 жастағы қызға оқиға орнында көмек көрсетілді. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісіне де сол жерде медициналық көмек көрсетілді, ал 23 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жатқызылды.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
Толық

Ғалымдар масаның қалай шағатыны туралы бейнежазбаны жариялады (видео)

Daily Mail жария еткен бейнероликте мазасыз жәндіктің теріге қалай еніп, қанды соратыны тәптіштеп көрсетілген.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=Bz5GwXU_aS8]

Француз оқымыстылары зерттеу жұмыстарын масаның "шабуылын" күтіп отырып, микроскоптың көмегімен жариялаған. Бейнероликте безгек масасының наркозда жатқан....
Жаңалықтар
Толық

Қостанай облысында бірден 3 ауданды топан су басып қалды

Табиғаттың тосын сыйы Қостанай облысына тап келді. Мұнда Таранов, Қарабалық, Федоров аудандарының бірнеше елді-мекен ағынды судың астында қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір апат аймағында облыстың төтенше жағдайлар қызметі тайлы-тұяғымен жүр. Бүгінгі күнге дейін 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал олардың үйлері тұруға жарамсыз, белуардан суда....

Жаңалықтар
Толық

Қазақстандықтар Конституция күнін 30 және 31 тамызда атап өтеді

Қазақсатанда 30 және 31-ші тамыз күндері мемлекеттік мерекеге орай демалыс күндері деп жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылдың 30-шы тамызы өткен жалпы ұлттық референдумде қабылданған елдің басты заңына сәйкес Қазақстан Республикасы президенттік....
Жаңалықтар
Толық