Серік Сәпиев киноға түсіп, өз-өзін сомдады
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев "Мужская история" деп аталатын жаңа қазақстандық телехикаяда боксер рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.![]()
"Мужская иcтория" деп аталатын сериалдың сюжеті төрт достың тағдырын, олар бастан кешкен оқиғалар, сатқындық, жігіттер арасындағы кикілжің мен махаббат жайын баяндайтын болады. Мектеп партасынан басталған достық олардың өмірлік серігіне айналады. Лондон Олимпиаласының алтын медаль иегері Серік Сәпиев басты рөлдегі жігіттердің бірін жаттықтыратын боксшы рөлін сомдайды.
"Мен осы жобаға қатысуға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы актерлік тәжірибем. Бірақ мен мұнда өз-өзімді ойнаймын, сондықтан бұл рөлде өзімді ыңғайлы сезінем. Маған сериалдың сценарийі қатты ұнады. Мен нағыз достық жайлы фильмдер мен сериалдар біздің қоғамға аса қажет деп санаймын. Досты құрметтеп, қадірлеп, бағалай білу керек", - деген пікірімен бөлісті Серік Сәпиев.
Мұхаммед Хайдар Дулати
Қорқыт ата
Адыраспан – бел ауруларына ем
Дүниенің ең үздік дәрілері
2. Колдрекс – қан жолдарын кеңітетін керемет препарат. Тез әсер етеді. Ыстық суда ерітіп алады.
3. Назол – тұмаудан құтқарып қана қоймай, мұрынның......
Теміртау қаласы
Орал қаласы
Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Орал қаласы жақын маңдағы елді мекендерді қоса есептегенде 700 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Қаланың ені солтүстіктен.....
Талдықорған қаласы
Тарихы
Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы Гавриловка селосы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 (кейбр деректерде 1921 жылы) Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талды-Қорған селосы.....
Атырау қаласы
Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.
Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий.....
