Дәрия Жүсіп Әбдімәлікқызы (1972 жылы 9 тамыз)
Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіп (1972 жылы 9 тамызда Алматыда туған) — актриса, театр педагогы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және ҚР тұңғыш президент қоры сыйлығының иегері.
Дәрия Әбдімәлікқызы Алматыда дүниеге келген. Орта мектепті Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында бітірген. 1993 жылдан бастап Осы жылдан бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етеді.
Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дәрия сан қырлы талант иесі: дауысы әсем кәсіби әнші, мың бұралған биші екенін де атап айту орынды. Мәселен, оның кәсіби әншілігі «Аршын мал алан» мюзиклы мен «Абай» трагедиясында, «Жаужүрек» драмасында көрінсе, актриса 2005 жылы режиссер Б. Атабаевтың «Ақсарай» театрында қойылған «Қыз Жібек» заманауи операсында басты роль Жібектің партиясын орындады.
Актриса қазақ кино өнеріне де атсалысып келеді. Ол «Заманай мен Аманай», «Күлпаш», т.б. көркемфильмдеріне түсті.
2008ж. бастап Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында «актерлік шеберліктен» сабақ береді. 2012ж. студенттерімен Мәскеуде «Гамлет» спектаклін табысты көрсетті.....

Өмірбаяндар (биография)