Қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекова Қайрат Нұртастың анасымен қатты ұрысып қалған кезін есіне алды. Әнші мен Гүлзира Айдарбекова кезекті концерт алдында қырылысып, бір-біріне ауыр сөздер айтып қойған. Өнер иесі туындаған келіспеушілікке қатысты бар шындықты айтып, өзіне тиіскен адамды ешқашан аямайтынын жеткізді деп жазады NUR.KZ.
Ақбота Керімбекова мен Гүлзира Айдарбекованың жанжалы туралы "Дастархан шоу" бағдарламасында белгілі болды. Эстрада өкілі ағынан жарылып, бұған дейін орын алған дауды егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді.....
Карантин талабын бұзғаны үшін ұсталған әнші Ернар Айдардың лотереяға тіккен көліктері уақытша жалға алынғаны белгілі болып, басы дауға қалған болатын. Сонымен өнер иесі халықты алдады ма әледе өзі алданды ма? Бұл мәселе «Астарлы ақиқат» бағдарламасында талқыланды. ......
Бердияр Қари "Әбжат" ілімімен есептеп жасап берген дұға-сүрелер дәптерін "таза жолмен жолың ашылсын" деп Құралайға бергенде, оқырмандарына сатып бизнес жасайтынын білмеген шығар?
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева психолог ретінде көпшілікке танылған Құралай Ошақбаеваны өзіне берілген емді елге таратып, ақша жасап отырғаны үшін кінәлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.....
Гүлжансың - ау, Гүлжансың, Тынымы жоқ бір жансың, Таңмен бірге сайрайсың, Егінде де, шөпте де, Гүлжансың - ау, Гүлжансың, Ойын-тойда думансың, Тым ерекше туғансың. Дала боран, шулайды орман — Бар денемді қарлы құйын орайды, Зарлайды жел, шулатады тоғайды. Тіл қатпаймын, бас имеймін табынып, От басында отырмаймын қамығып. Есікті ашып алыс жолға жүремін, Ақ боранның құшағына кіремін......
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Гүлді өсімдіктердің қос ұрықтануы Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): гүлді өсімдіктердегі қос ұрықтанудың маңызын сипаттау Сабақ мақсаттары: гүлді өсімдіктердегі қос ұрықтанудың маңызын сипаттау.....
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Гүлдің құрылысы және тозаңдану түрлерін анықтайтын болады Қатысушылардың көпшілігі: Айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың арасындағы айырмашылықты түсінетін болады Кейбір оқушылар: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттайтын болады.....
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау Сабақ мақсаттары: Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау. Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру......
Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.
Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.
Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды......
Қазақ халқы… Бұл атау қайдан шықты, қалайша бұл халық солтүстігінен оңтүстігіне қарай 1600, батысынан шығысына дейін 3000 шақырымға созылып жатқан дархан даланың иесіне айналды? Әрине, тарлан тарих беттерінде әлемге қонақжайлығымен танылған халықтың хандық болып құрылып, бір киіз үйдің бір шаңырағының астындағы ошақта бір алау болып тұтанып, түтін түтеткен уақыты 1465 жыл деп саналады. Бірақ, қалайша әр түрлі жерден нәр алған ағаштар бықсымай жанып, киелі шаңырақтан түтін болып шығып, кең далаға тіршілік тынысын сездірді?! Ол халықтың тайға таңба басқандай мәдениетінің берік, тілі, ділі, дінінің ортақ әрі рухани байлықтарының меңіреу жатқан кең сахара төсіне тезірек сіңісіп кетуінен болса керек.
Ел басына күн туса, толарсақтан саз кешкен батырлар, ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған ақындар жүріп өткен сартап жолдарды жас ұрпаққа әйгілеп тұрған суреткер дала қаншама ұлы оқиғаларды ішіне бүгіп жатыр десеңші. Сондай оқиғалардың бірі салт – дәстүріміздің қаймағы саналатын Оңтүстік Қазақстандағы тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған Түлкібастың төрінде де болған-ды.
Түн. Айлы түннен сүт еміп, тыныштықтың тамыры соғып тұрған даланы Ақсу мен Жабағылы жоталары құшағындағы бесігіне таңып алып, үнсіз тербетіп тұр. Мүлгіген дала тыныштығын бұзып, киіз үйдің шұрық тесігінен бұзық май шам жарығы сығалайды. Май шам орнынан қозғалмай тұрғанымен, екі түрлі жұмысты бірдей атқарып тұр екен. Оның бірі түнгі аспанның ерке жұлдыздарына қыр көрсетіп, жерден жарық шашып, қайсарлығын танытса, екіншісі үстінде жатқан тіршілік иесін мәңгілік ұйқы сапарына аттандырған төсекті құшып, жылап отырған, жасы 24-25 шамасындағы, маңдайын кекілімен бүркеген, аққұба өңді, айдай көрікті қызды жалғыз қалдырмайын деп, нұрлы жарығымен бидай өріспен өрілген шашынан сипап тұр. Қыздың көз жасының бұлақ болып төгілуіне не себеп болды екен, әлде басына түскен қиындықтарының көптігін бетіне сызық болып түскен әжімдері көрсетіп тұрған, жасы 50-53 шамасындағы ер адамның көз жанарының көмескіленіп бара жатқанына қайғыра ма? Білмедім... осы кезде қыз жанарының астында көз жасына суарылып жатқан оң қолына бір затты қысып алған. Дәнге ұқсайды. Иә, шынында да гүлдің дәні. Қыздың қолындағы қандай дән, төсегінде жатып, дүниауи тіршілікке тәуелсіз сапарға аттанған адамның бұл қызға қандай қатысы бар..? Оны білу үшін қыздың өткеніне оралайық........