Гауһар Әлімбекова (1971 жылы)

Әнші- сазгер Гауһар Әлімбекова 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай өңірінде көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол гитарада ойнауды 9-сыныпта оқып жүргенде үйренген. Ең алғаш шығарған әні «Сағыныш сазы» деп аталады. Алғаш рет Гауһар жас сазгерлердің «Үкілі үміт» байқауында жарқ етіп көрініп, Исраил Сапарбай, Секен Тұрысбеков, Мұрат Құсайынов ағаларының батасын алды.
Гауһар Әлімбекова өзге әріптестері сияқты сахнаға орынды-орынсыз шыға бергенді ұнатпайды. Журналистерге де жиі сұхбат беруден бас тартады. Мұның себебін әнші бір сұхбатында былай түсіндіреді: «Ауыз толтырып, ел-жұртқа айтатындай тың жаңалықтар болмағаннан кейін, журналистерге қайта-қайта не айта бермекпін?! Бас тартатыным – сол. «Өнер жолы – ауыр жол» дегенді қайта-қайта қайталап, газет-журналға орынсыз жылтыңдап шыға бергенді жақтырмаймын».....
Өмірбаяндар (биография)
Толық