Сұлуды аңсап сор қума
Көшеде келе жатып, үйленді деп естіген танысыма жолықтым. Аялдамада әңгімелесіп отырып қалдық. «Құс құтты болсын» деп қолын алдым. Ол қуана қоймады. «Келін қайдан?» дедім. «Солтүстіктен» деді. «Келініңіз міне мынау» деді соткасынан көрсетті. «Үлбіреген періште ғой мынауың» дедім. «Баяғыда біреу елдің Ыбырайы Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай деген екен, соның кебін киіп тұр бірақ» деді ол өкінгендей. Сөйтті де: «Жаңағы үлбіреген бет мені алдап соқты ғой» деді күрсініп. «Неге?» деп мен шошып кеттім. «Келін тура жиырма сегізде, бір баламыз бар. Келісті денеге, үлбіреген бетке мәз болып, бәріміз алданыппыз. Алғаш көргенде үй ішім де қуанған. Бәрі оны періштеге теңеген. Сөйтсек, салақтың салағы, көк долы болып шықты. Алғаш анам ары үйретті, бері үйретті. Бір дастархан жиюды бір апта үйретті. Әйелге тән қасиеттердің бәрін үйрету мүмкін емес. Ыдыс-аяқты таза ұстау, үйді жию, бәрінен мақұрым. Анам үйрете-үйрете ығыры шығып, бізді бөліп қойды. Бөлек тұрғаннан кейін дастарханды ашып қалсаң, не жоқ. Шаш қыстырғыш, вареньенің үстінде өлген шыбын, тазалап отырып нан жейсің. Айтсаң, бәлеге қалдың, тілі ұзын, шулатып жібереді. Адам өз кінәсін түсініп, ұялушы еді. Бұл шу шығарып, қорқытады. Жуылмай үйілген ыдыс, төсекті бір аптада бір жинамаймыз. Жата кетеміз. Мені де үйретіп алды. Бірде үйде кіре беріп, жуылмаған ыдыс-аяқтың арасындағы горшокты қағып кеттім. Неге төкпейсің, баққаның бір бала, неге үйге қарамайсың деп еркек болып ұрыстым. Жап аузыңды, менде бар қол, сенде де бар, алып тастап өтпейсің бе деді ол. Кісі келеді десе, зар жылайды......
Махаббат хикаялары