Ақыл, ойым, жүрегім, тіл мен жағым! Естір құлақ, көрер көз шамшырағым! Саған, саған ұлы Отан астанасы, Жүрегімнің түбінен жыр арнадым. Мен де бүгін сенімен туған жанмын, Кремльдің ішінде тұрған жанмын. Қызыл алаң түбінде сан-сап болып, Сарайында салтанат құрған жанмын. Маған артық еш жер жоқ Москвадан, Орыс, қазақ бір туыс — Біз — Бір адам. Сондықтан, қауіп төнген күндеріңде, Бір сен үшін өлімге бас байлағам! Міне отыз жыл күн болып енді жарық.....
Тан, қалдым міне бір көріп, Тағдырың маған тым жақын. Тар кезең өтті, төбеңде Тамылжып туды күн жарқын Таласа кіргем талай мен, Жауыңа оқпен тіл қатып. Сан жорықтар еткізгем Тар қақпаңда түн қатып. Көшенде өтті қан майдан, Куә оған жас пен көріңіз. Күбірлеп сөйлер кім қалды? Күресте болдық бәріміз. Балам деп сонда сен құштың Бауырың ыстық, көзің жас. Басымды тіге ант еттім, Бағына апа-қарындас......
(Жаралы партизан кезімде үйіне жасырып, ажалдан құтқарған Украина қызы) Бірінші жыр
Сені ойласам тербеледі жүрегім, Сені ойласам келер көзден ыстық жас, Сені өмірімнің тәңірісі деп білемін, Саған мәңгі борыштымын, қарындас. Тар кезеңде қара түнді жамылып Әлсіз ғана соққан кезде жүрегім, Іздеген қан жауды тырнақ сабылып Сан панаңда сақтағансың...білемін. Ажал жетіп көз жұмылар күн болса, Суық көрге сен деп қане енермін. Жүрегімді жарып шығар жыр болса, Сені көктің жұлдызына теңермін......
Мраморлы Мавзолейдің, Кіріп келсем ішіне. Көзін жұмып жатыр Ленин, Дақ түспеген түсіне. Бұл: Ұлы жан, терең мұхит... Қалың ойға батқандай. Бұл әлемге күн нұрындай, Жаз бергендей — атқандай. Қолтығынан қызыл жұлдыз Шығып күлім қаққандай, Барлық әлем жан рахатын, Содан ғана тапқандай.......
Байтақ дала, асқар тау, Сен тілсіз күш, сен мылқау. ЬІзыңдама асау жел, Ұйқыда емен мен ояу. Ызыңыңа қосылып, Ойымда жоқ жыр жырлау. Мұң тартқанда музыка, Саған жөн ғой баяулау. Аза күйін сен де тарт, Екі шекті домбыра - ау, Сұрасам жұрттан «өлді» дейт... Көңілі бос, көз жылау... — Естімеймін, айтпақшы! Өлді деу Киров сыбырлау.........
Елордалық 28 жастағы азамат, жұбайына 7 жерден пышақ сұққан. Мұны марқұмның көршілер айтты. Қансыраған келіншекті көпқабатты үйдің кіреберісінен бірінші болып тауып алған да осы көршілері болатын. Полицияның дерегінше қанды оқиғаға - арадағы қызғаныш себеп болған. Асылбек Даниярдың репортажы.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Үш жыл бойы отасқан ерлі-зайыптылар Тәуелсіздік даңғылы бойындағы дәл осы үйдің 4 қабатында өмір сүрген. Көршілерінің сөзінше, бұл жанұяда үнемі ұрыс-жанжал болып тұрады екен. Кеше 28 сәуір күні тағы да әйелі мен күйеуінің ортасында кикілжің пайда болып соңы өлім жағдайымен аяқталыпты.
Қазақстандық тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген тағы да сын астында қалды. Бұған дейін көпшілікпен бірге жастықпен денесін жапқан суретін желіге жүктеген әнші бұл жолы купальникпен түскен суретін жариялады.
"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?
Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!
4 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар рейстер қалпына келеді. Мұндай шешім бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.