Тарих | Вьетнам Демократиялық республикасының орнауы
Мөлдір сулы Арыстан сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы – Отырар.
Отырар Қазақстанның орта ғасырлық қалалары ішінде айырықша орын алады.
Өмірлеріне көпестердің, әсіресе соғды көпестерінің отар – иеліктері елеулі оң әсерлерін тигізгенімен, көптеген жағдайда халықаралық керуен саудасына тәуелді болған Жібек жолындағы Испиджаб, Тараз, Хамукет қалаларына қарағанда Отырар даланың малшы – тұрғындары үшін өз қаласы болды және болып қалды да, оның қабырғалары сыртында далалықтардың өздеріне етене жақын әрі түсінікті тілде сөйлейтін туыстары мен дос – жарандары, өз халқы өмір сүрді. Егер әлдеқандай күн туып, алмас қылыштар айқасып, сұр жебелер суылдаса, егер сарайлар мен күркелер алау өртке оранып, күн көзін қара түтін тұмшалар болса, онда далалықтарға да, қалалықтарға да бірдей қатерлі жаулар келгені. Міне, сонда өзінің ұстаханасындағы көрік отын сөндірген ұстамен малын айдалада қалдырғант малшы қамал қабырғасында тізе қосып, қанжарларын ауыздарына кесе тістеп, сатымен жоғары өрмелеген өлермен жаудың бетін бірлесіп қайтарады. Одан тағы бейбітшілік, тағы соғыс... Кангюидің ұзын семсерлері түріктің қайқы қылышына орын береді, қарапайым ағаш соқаларды темір ұшты түрендер алмастырады, ені кең, түбі таяз арналар орнына ені енсіз, бірақ түбі терең, су сыйымдылығы үлкен арналар қазылады. Отырар өсе түсті, міне енді шағын қыстақ орнынан бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала, дүниеге орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль – Фарабиді келтірген, осы өлкенің байырғы астанасына айналған тарихи қала бой көтерді ....

Курстық жұмыстар