Бөгежек Мампаңды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біссимиллә деп әуелі,
Кітапта бұрын айтылып,
Әуел бастан жар салған.
Бес намазға палуан
Қызметін бар салған.
Елу жылдай ел сұрап,
Халқының ісін басқарған.
Толып жатыр халықта
Ерте туып кеш қалған.
Түбіріндей мешіттің,
Кем-кетігін еске алған.
Орынында өзінің
Бір баласы жас қалған.
Егесіп жүрген дұспанның
Алдынан шығып қасқайған.
Жұртқа лайық кісі еді,
Тізесінен май тамған.....
Өлеңдер
Толық