file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Экономика | Бәсеке және монополия

Нарықтың монополиялық бәсеке құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседі. Монополия бәсеке нарығының ерекшелiктерi жетiлген бәсеке мен монополияга тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кiтап шығару, қызмет көрсетудiң басқа да көп түрлерi монополиялық бәсеке нарығының iс-әрекетi. Монополиялық бәсеке нарығы – көптеген сатушылардың ұқсас, бiрақ әртектi өнiмдi сатуынан құралады. өнiмдердi бiр-бiрiнен сапасы, қасиетi, сыртқы әрлеуi бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортиментi, қызмет көрсету бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігiн көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы, аяқ киiм, тағам өнiмдерi, жанармай және бөлшек сауда жасау өте жақын.
Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай бекітетінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.....
Рефераттар
Толық