Бұйырмаған бақ

Жоқ, оған бұл керек емес еді. Біреу кеудесіне қолын сұғып, жүрегін суырып алып жатқандай көрінді өзіне. Амал қанша? Енді қайтсін? Не істей алады? Көзінен аққан көлдей жасқа тұншығып қаламын ба деп те ойлады. Жоқ, олай емес, оның мына жағдайында сол тұншыққаны жақсы еді. Бірақ, амал қанша, олай да болмады. Көздерінен парлап аққан жасқа беті жуылып тұра берді. Өксік тамағына тығылып, бір кезде өзінің денесінің де селкілдей бастағанын сезді. Енді қайтсін? Енді қайтсін қыз байғұс?! Өзінің сүйгені қарсы алдында тұрып бұның өмір бойы бақытты бо луын тілеп тұр, ал бұл болса, өзге жігіттің қолынан ұстап жас жұбайларға арналған стол басында тұр. Өмір де осындай болады екен-ау...

Дене мұздай, көзде жас, бұл қыздың ендігі ойы не екен? Сыртынан қарасаң қуыршақтай! Өмірде бұл қыздан асақан бақытты, асқан сұлу қыз жоқ секілді бір көрген адамға. Әп-әдемі ақ көйлек, сұлу келбеті, маған қара дегендей қап-қара көздері... Бірақ сол көздері жастан бір құрғамады. Өз сүйген жігіті мұны бақытты ете алмады. Әлсіздігі болар, бәлкім... Ал бұл болса, ол жігіттің қасында жүргеніне мәз болып, сонымен өткізген әр күніне шүкіршілік етіп жүре беріпті-ау, ақымақ қыз! Не істесе екен? Қайтсе болады? Бәрін тастап қарсы алдында тұрған сүйікт ісінің мойнына барып асыла кеткісі келді. Бірақ, амал қанша? Іші қан жылап, жүрегі миллиардтаған бөлшекке бөлініп жатқандай болды.

« ...Қалай ғана мені өзге біреудің қолына еркін беріп қойдың? Қалай ғана осылай менен еш қиналмай-ақ бас тартып тұрсың? Мені біреудің қолына, құшағына өз еркіңмен итере салғандай болдың ғой сен! Солай жасап тұрсың да! Менің не жазығым бар еді? Неге? Менің бар жазығым – сені өзімнен де артық сүйгенім бе? Неге? Неге екеуміз бірге бола алмаймыз? Біз кімге кедергі бола аламыз? Жоқ! Маған сенсіз өмір сүрудің еш қажеті жоқ. Сенсіз күнімді елестете де алмаймын. Мені сүйе тұрып, неге менен өз еркіңмен бас тарттың сен? Қалай ғана мені шырылдатып таптап кетесің? Расымен де, енді екеуміз ешқашан қосылмаймыз ба? Енді ешқашан сенің жүзіңді көрмеймін бе? Сенсіз қалай өмір сүрем? Қалай? Қалай?...».....
Махаббат хикаялары
Толық