Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ. Есмағамбет Ысмайлов
Біржан сал үш бірдей өнер иесі - асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол – қазақтың әншілік – орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген, аса дарынды халық композиторы, қазақтың қайталанбас бір туар тұлғасы. Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Біржан сал бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп той - думанның сәніне айналған. Бозбаланың ақындыққа бейімдегені елінің, жерінің, табиғатының, өскен ортасының ықпалының көп пайдасы тиген. Өзінен үлкен Ержан, Нұржан деген ағалары болған сол заманның шаруашылық жұмыстарын өздері атқарғандықтанда болар, ол алаңсыз ән мен өлеңге үйір болғаны. Оның сыртында сол кездің сал - серілері, әнші-ақындары: Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болған. Жастайынан ақын әнші, өлеңші, домбырашы атанады. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсері тиеді. Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең - менше сүй, - деген мәңгілік жетерлік сөз қалдырған........
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім, Білдірмей серілікпен жүріп едім. Бұл күнде арық қойдан бағам кейін, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім. Қарасу есік алды лайланды, Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды. Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп, Дүние өтерінде шыр айналды......