Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті деп хабарлайды NUR.KZ, Хабар24 сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте биылғы грант 2017 - 2018 иегерлерінің тізімі қашан шығатынын мәлімдеді.
Биыл Алматыда орналасқан «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беретін орданы мерейтоймен құттықтауға «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді деп хабарлайды Алматы арнасы.
«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын» Ә.Кекілбаев
Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Өйткені қазіргі таңда.......
Сәлеметсіз бе, оқырман! Менің атым - Әмір. Мен Алматы қаласындағы Халықаралық Мирас мектебінің 10 сыныбында оқимын. Мектебім Н.Ә.Назарбаевтің Білім Қорында ұйымдастырылуымен 1999 жылы салынды. Мектептің босағасын аттаған кезден-ақ, мектептің әсемдігіне таң қаласыз. Мирастың әсем саябағына......
Алматы тұрғыны Дидар Марданов әлеуметтік желілердің бірінен ҰБТ сұрақтарының дұрыс жауаптарын сататын парақшаны жолықтырған. Олар түлектерге жоғары бал жинауға көмектесетін көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын.
Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме, осы кемеде 11 жылды әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі де өзгереді. Жазуды да, оқуды да, санауды да үйреніп ........
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы лауазымға келгелі бұл салаға түрлі реформалар енгізуден жалығар емес. Оның бастамалары қағаздан іске көшпей жатып қызу талқыға салынатын болған. Ал кейбірінің арты үлкен дауға айналып жатыр. nur.kz порталы министр Сағадиевтің халыққа жақпай жүрген бастамаларын тізіп шықты.