Биязылық - ұлт құндылығы

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Жастаймыздан жаттап өскен тіл, мәдениет, отаншылдық сияқты бірқатар ұлттық құндылықтарымыз бар. Алайда, мен білетін қазақы мінез - биязылық та біздің ұлттық құндылығымыз. Ия, ия. Биязылықты да маңызы жоғары құндылыққа жатқызуға болады деп ойлаймын. Тіптен, биязылық зиялылықпен үндес құбылыс. Зиялы қауымның біз жақсы білетін өкілдерін еске түсіріп көрейікші. Биязылық - ол қасындағылардың, жора-жолдастарының көңілінен оң орын алу, қоршаған адамдарды, бүкіл қауымды осы мінезімен баурап алу. Қазақ айтады ғой, “мінезге бай” деп. Қазақта ата-бабамыздан келе жатқан жақсы мінездің түрі де көп: өр мінезділік, жігерлілік, намысқойлық және тағысын тағылар. Өкінішке орай, кейінгі кезде осы бір қасиет көзге көрінбей, байқалмай елеусіз қалып бара жатқан сияқты.

Биязылық - қоғам үшін де құнды, қасиетті. Ол тіптен, адамды түрлі жаман әдеттерден сақтайды. Өрекпіп тұрған, мінезі ұр да жық адам өзін де, көпшілікті де жарға ұрындырары хақ. Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деген жоқ па еді? Ал ұлы ақын Абай “Жүректен қозғайтын, әдептен озбайтын" деп, биязылықтың нормасын сақтауды адамдық парыз санаған. Биязылық – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа айналуы биязылықты қалыптастырады. Биязылық әлеуметтік ортаның талабына бейімделуге жетелейтін тұлғаның қасиеті.......
Шығармалар
Толық