Экономика | Бағалы қағаздардың теоритеко әдістемелік негіздері

Мемлекетімізде нарықтық дамуы қиыншылықпен баяу дамып келе жатқанымен, «советтік модельден нарыққа өту процесі, заңдардың жетілдірілуі, жекешелендіру мен ресструктуризацияцияның даму қарқынының өсуі, ақырындап инфрақұрылымның қалыптасуы, қор жұмысының негізінің қалануы іске асуда. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Әсіресе қаржы несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ал, осы нарықтық қатынастары қалыптасып, халық шаруашылығының экономикалық басқару құрылымы елеулі өзгеріске түскен қазіргі жауапты да күрделі кезеңде тікелей айналысып жүрген сала мамандары болмаса, былайғы қарапайым жұртшылықтың зердесіне жете бермейтін жайлар да жоқ емес. Солардың бірсыпырасы бағалы қағаздарға келіп тіреледі. «Бағалы қағаздар» дегенде құлағымыз елең ете қалғанымен, соның түп-төркініне түсінбей дал боламыз. Көз алдымызға сонау 40-50жылдардағы елге есепсіз таратылып, кейін қаржы реформасына қатысты құнын жайып, артынан қалта-қалта қылып жинақ кассасына өткізіп, бірақ болар-болмас қара бақырға қанағаттанған заемдар елестейді. Бала-шағаның аузынан жырып жинаған азын аулақ қаржыға бағалы қағаз сатып аламын деп ертең есем кетіп жүрмей ме деп күдіктенетіндер көп. Сондықтан, осындай сенбеушілікті жойып, туған топырағымызда жаңа-жаңа бүршік жарып келе жатқан нарықтық қатынастар кезеңінде бағалы қағаздардың қандай пайдасы бар, оның халықтың тұрмысын түзеуге септігі тие ме деген мәселелер нарық экономикасының өзекті мәселелерінің бірі. БҚН Қазақстанды қазір қалыптасу кезеңінен өтуде ....
Рефераттар
Толық