Қазақ әдебиеті | Арал батыр

Арал батыр (18 ғ.) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай би Балпашұлының інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының "Сабалақ” дастанында суреттелген. Ол Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Арқалық батыр

Арқалық батыр (18 ғ- дың ақыры - 19 ғасырдың басы, ҚХР, Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы) - батыр. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста даңқы шыққан. Абақ Керей төресі. .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай

Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885), Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісі басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826-1849 ж. аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген. Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» киссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, I. Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері. 1992 ж. Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 ж. күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды.[1]

Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің көптеген шығармаларына арқау болған. 1914 ж. Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Батыр Баян Байболатұлы

Батыр Баян Байболатұлы - 1731 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы қайтыс болған. Таманың Дәулеткелді руынан. Әкесі Байболат та уағында елді қорғаған, жүрегі ештеңеден қаймықпайтын батыр болған екен. Баян батыр атымен танылған бірнеше батырлар болған. Абылай ханның байрақдары .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы

Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевның "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруғе болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.
Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Тәттіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетай жыраудың "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бекболат батыр

Бекболат батыр
1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17, Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы — Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды. Көтерiлiстi қазақ демократиялық интеллигенциясының өкiлi Тоқаш Бокин ұйымдастырды, дайындады. Жер-жердегi топтарды Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Нүке Сатыбеков, Доқожа Қашағанов, Әли Нұрғожаев, Сатай Көбегенов, Жақабай Құдайбергенов, Байхан Қазыбеков, Сатай Қарашаев, Боранбай Жантөлеев, Әлиасқар Сырабаев, Серғазы Күшiков, Сейдахмет Ысқақаов, Иса Сексенбаев сияқты халық ұлдары .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қанжығалы Бөгенбай батыр

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті
Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бөрібай батыр

Бөрібай батыр (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешеніндеВасилий Александрович Шелятинов (9.12.1917, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үлкен Нарын ауылы - 15.2.2009, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, взвод командирі, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Досқара батыр

Досқара батыр (18 ғасырдың ортасы, Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы,Марқаш соры көлінің жағалауы - 19 ғасырдың 30- жылдары) - батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасының көшебе руынан шыққан. Әкесінің есімі - Байкісі. Оның «қос батыр» атанған Есқара, Досқара есімді екі ұлы да 1770-71 жылы болған соңғы қазақ-қалмақ соғыстарына қатысқан Досқара батыр сондай-ақ 18 ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Сібірде Ресей отаршылдарына қарсы күреске белсене қатысып, ерлігімен .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Елшібек батыр

Елшібек батыр (туған-өлген жылы белгісіз) — 18 ғасырда өмір сүрген қазақ батыры. Ұлы жүздің құрамындағы сіргелі руынан шыққан. 18 ғасырда жоңғар қалмақтарына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Елшібек батыр туралы ел арасына таралған әңгіме-жырлар көп. Сондай .....
Рефераттар
Толық