Барлығы Жеңіс үшін!
1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы отан соғысы басталды. Таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында қалам ұстап отырған оқушылар мен студенттер қаламдарын қаруға ауыстырып, қан майданға аттанды. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың адам қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтарылуы керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі сол беларусь жерінде қалып қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен-ақ жұдырықтай жұмылып, бір адамдай қызмет етті. Республиканың түкпір-түкпірінен әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақ шақырылған. ......
Шығармалар