Экономика | Банк тәуекелдері

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәункелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде “тәуекелдік” деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Қаржы | Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістері

1. Кіріспе
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады.
Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады.
Диплом жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі дағдарыс кезінде банктердің тәуекелін зерттеу, басқару, бағалау өте маңызды. Диплом жұмысында жасалған нәтижелер Қазақстанның банк секторында банк тәуекелдерін басқару жағдайы мен оларды бағалау әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер - іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу құралы коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқып үйренуге студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалык материал практикалық мәліметтермен бірге берілген ....
Курстық жұмыстар
Толық